Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Кәрілік – дауасыз дерт

Кәрілік – дауасыз дерт

Кәрілік – дауасыз дерт

Егде жастағы қария өзінің ұлы, келіні және төрт жасар немересінің үйінде тұруға көшіп келеді. Оның қолы дірілдеген, көзі нашар көреді, ал жүрісі тым баяулап кеткен. Отбасы әкесінің келген алғашқы күндері тамақты бірге ішіп жүреді. Бірақ, күш-қуаты әбден таусылған әкей тамақтанғанда баласы мен келінінің ызасына тиеді. Оның қалтырап тұрған қолындағы қасықтан тамақтың жартысы төгіледі, колына стакан алып алса, сткандағы сүттің жартысы да жерге төгіледі. Бұл жәйттердің барлығы әбден ашуына тиген ерлі-зайыптылар:

— Біз бірдеме істеу керекпіз. Бұл шалдың осы жасағаны да жеткілікті, -дейді.

Сонымен баласы мен келіні шалдың тамақтануы үшін арнайы асхананың бір бұрышына үстел қойып қояды. Отбасының барлығы тамақты асханадағы үлкен үстелдің үстінен ішіп жатқанда, әкейдің бір өзі бір бұрышта тамақтанып отыратын болды. Бұрышта отырып тамақтану барысында шал екі мәрте шыны аяқ сындырып алған соң, оған ұлы мен келіні сынбас үшін арнайы ағаш аяқ жасап береді. Кей кездері тамақтану барысында отбасының бір мүшесі шалға көзінің қиығымен қарап қалса, оның көзінен тек жас қана көретін. Өйткені, ол бір бұрышта жалғыз қалғандықтан жылайтын. Ал баласы мен келінінен бар еститін сөздері тек ұрыс еді.

Шалдың төрт жасар немересі мұның бәрін тек үнсіз ғана бақылап жүрді. Бір күні кешкі астың алдында кішкентай бала сырттан еменнің ағашын үйге алып келіп, сонымен ойнап отырғанын әкесі байқап қалып:

— Ұлым, сен не істеп жатырсың, - деп сұрайды.

Ештеңеге алаңсыз ұлы әкесіне:

— Мен сен және анам үшін ағаштан тамақ ішетін аяқ істеп жатырмын. Мұнымен сіздер мен үлкен болған кезде атам сияқты тамақтанатын боласыздар, - дейді.

Мұны айтып балақай күлді де, өзінің шаруасын ары қарай жалғастыра берді. Ал, бұл айтылған сөздер баланың әкесі мен шешесін естерінен тандырып жібергендей болды. Олар тіпті сол тұрған жерлерінде сөйлей де алмай қалды. Артынша көздерінен жас шығып кетті. Жас жұбайлардың дәл осы жерде біреуі де ләм-мим деп тіл қатпаса да, не істеу керектігін екеуі де іштей сезген еді.

Дәл сол күні кешкі ас алдында баласы шалдың қасына келіп, қолынан ұстап отбасы толығымен отыратын үстелге алып келіп отырғызды. Осы күннен бастап шал барлық отбасымен бірге тамақтанатын болды. Осы сәттен бастап ұлы мен келіні әкелері қанша рет қолынан шанышқыны түсіріп алса да, сүтті төгіп алса да ұрысып-сөкпейтін болды.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: ru.depositphotos.com

2982 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 06 мамыр 2013, 19:38
Пікірлер
+0
06 мамыр 2013, 19:50

Кәріліктен қорқам...

+0
10 мамыр 2013, 23:31

Алла тағалам адамды жаратқанда маңдайына ажалға себепші 99 түрлі қауіп-катер жазады екен. Солардан аман өткен жандар жүзінші болып осы кәріліктен анжаққа аттанатын көрінеді. Жететін мәреміз сол, сондықтан дайындалайық.

+0
06 мамыр 2013, 21:06

аянышты((балалары ата-аналары қартайғанда ,қарттар үйіне тастап кететіндерге жүрегім аурады!

+0
06 мамыр 2013, 23:05

бұрын оқығам талай рет,сонда да оқи бергім келеді.

+0
10 мамыр 2013, 23:33

Менде осы ата-ананың қадірі туралы уағыз бар еді. Керек болса хабарласарсыздар.

+0
11 мамыр 2013, 15:51

ияяя,"атаңа не істесең,сол алдыңа келеді"деген сөз қазақта бекер айтылмаған.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...