Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Адам арманы

Адам арманы

Қызық-ақ, арман-қиял адам өмірін қаншалықты өзгерте алмақ. Үкілі әлем, мүмкін, компьютер дегеннің не екенін білмес те ме еді, егер Билл Гейтстің басында жасап шығару туралы арман болмаса. Қаншама керемет әнді тыңдамас едік, егер  Джон Леннон музыкантшы болам деп армандамағанда.

Мотивацияның көшбасшы болуда үлкен орын алатынын жоққа шығаруға болмас. Мотивация мақсат барда пайда болады, ал мақсат бір нәрсені қалаған кезде, бір нәрсені армандаған кезде жарыққа шықпақ. Ендеше, көшбасшылардың арманшыл жандардан айырмашылығы неде?

Қиял көрінісі

Арманға қол жеткізу үшін оны толыққанды көре білу қажет. Егер көз алдыңызда түсі шайылған картина тұрса, онда қалаған нәрсеге ешқашан қол жеткізе алмайсыз. Жетістікке жету үшін немесе көшбасшы болу үшін арманды визуальдандыру ләзім. Apple Inc жарыққа бір ғана жағдайда келе алды, өйткені, Стив Джобс өз қалауының нақтылы көрінісін көре алды.

Радикалды ойлау

Арманға деген ынтызарлық келесі бір адамға жұғысуы оңай. Мұндай адамдар дәлелдеу мен негіздеуді және қалай шабыттандыру керектігін біледі. Олар өз армандары мен ой-жүйелерін ортақтастыру арқылы өздігінен көшбасшы болады. Олар өз қалауларын біледі және мұнысы батылдық пен ой еркіндігін сыйлайды. Махатма Ганди әлемдегі барлық басшыларға үлгі бола алатын бірден-бір адам. Ол адамдарға еш қысастық көрсетпей-ақ, сөзбен сендіре алатын. Гитлер де әлемге танымал диктатор бола алмас еді, егер радикалды ойлау қасиетіне ие болмаса.

Тілек қалауы

Тілек адамды олжалы қылады, әрқашан бір мақсатқа жету жолында міндеттеп отырады. Ол адамдарға шабыт сыйлап, мақсатты істерге жұмылдыра біледі. Мәселен: жоқтан барды жасаған миллионер әрі кәсіпкер Крис Гарднер. Үлкен тілек қалауының арқасында өзіне тиесілі Gardner Rich & Co жеке фирмасының қожайыны болды.

Сенімділік пен қосымша күш

Арман адам баласының бойына ерік-күш пен сенімділік сыйлайтын қасиетке ие. Арман адамның өзіне ғана емес, айналасындағыларға да, қоршаға ортаға да жұмыс жасайды. Не қалайтыныңызды біліп тұрған сәтте әрқашан жақсы шешім қабылдай аласыз және тәуекел деп көруден қашқақтамаңыз. Өз арманыңызға позитивті көңіл-күймен қарауыңыз қажет. Мартин Лютер Кинг-кішінің "Менде бір арман бар" деген сөзінде афроамерикандықтар мен ақтардың басын қосу туралы тілек-арман тұрды.  Бойында ізгі арман болды, еш нәрсеге қарамастан, сол арманмен өмір сүруді жалғастыра берді.  Жалғыз өзі миллиондарға қарсы шығып, бүкіл әлемнің ортақтастығын көрсетуден, сондағы кереметті айтудан таңбады.  Оның сол бір арманы үлкен күш сыйлап, адамдардың қастерлі сеніміне ие болды.

Жүректегі толыққандық

Арманшыл жандардың көшбасшы болуына бастап барар ең соңғы жол, ол – жүректегі толыққандық.  Жүрек қайда болса, адам арманы да сонда. Сіздің арманыңызға ойлармен бір қатарда жүрек те әсер етпек. Жұмысты бар ынта-тілегіңізбен орындағанда, тіптен жақсы жасайсыз.  Арманшыл жандар қателік жасай тұрып, сонысынан сабақ алып, ары қарай бағыт алады. Өйткені, олар өз армандарынан бас тарта алмайды. Іштегі ерік-жігер деген шамасынан асып, төгіліп жатады. McDonalds компаниясының иесі Рэй Крок өз бизнесін дамытуға кредит алу үшін сегіз мәрте қабыл алмаудан өткен (банк әр жолы "жоқ" деп жауап берген) екен.

сурет:postupenjkamuspexa.blogspot.com; vk.com; www.skyscraperlife.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

22076 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 сәуір 2013, 14:59
Пікірлер
+0
22 сәуір 2013, 17:25

Ех арманның бәрі орындалса ғой))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...