- Негізгі бет
- Бойжеткен
- Неліктен әйелдер ерлерге...
Неліктен әйелдер ерлерге қарағанда көбірек ұйықтауы керек?
Шыны керек, жұп болып кино қарап отырған жерінен әйел адамдар соңына дейін шыдамай ұйқыға кетеді. Күйеуінен: «Ең қызық жеріне келгенде ұйықтап қаласың» деген сөзді де жиі естиді. Ғалымдар бұл құбылысқа бірден бірнеше түсініктеме берді. Және әйелдердің ұзақ ұйықтауы керек екенін анықтады.
№1 СЕБЕП: ӘЙЕЛДІҢ МИЫ КҮРДЕЛІ
Лофборо университеті жанындағы ұйқыны зерттеу орталығының ғалымдары былтыр жүргізген тәжірибеге сәйкес, әйелдің миындағы жүйке байланыстарының құрылымы ер адамға қарағанда күрделірек. Осы себепті әйелдер табиғатынан көп тапсырмаларды орындауға бейім және шешім қабылдауда әлдеқайда икемді болады. Дегенмен, мұның бәрі энергияның шығындалуына әкеледі, оны ерлердің энергиялық шығынымен салыстыруға келмейді. Бұл ерлерге қарағанда әйелдерге 20 минут ұзағырақ ұйықтауы керек дегендә білдіреді.
№2 СЕБЕП: ӘЙЕЛДЕР ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ САЛДАРЫН КӨБІРЕК СЕЗЕДІ
Лофборолық ағылшын психиатрларының тағы бір ғылыми қорытындысы: әйелдерге сапасыз ұйқыға шыдау ерлерге қарағанда қиын – олар қатты ашушаң болып, депрессияға түседі. Түнгі демалыстың сапасы қанның ұюына әсер етуі мүмкін және нәтижесінде қан тамырларының бітелуіне әкеледі. Ерлердің қан айналымы мен жүйке жүйесі осыған байланысты күшті және ұйқының болмауына соншалықты сезімтал келмейді.
№3 СЕБЕП: ТҮНГІ ҰЙҚЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ ӘСЕР ЕТЕДІ
Тағы бір халықаралық тәжірибе. Мюнхендегі Макс Планк институтының ғалымдары 160 ересек адамның ұйқы режимін талдап, оның интеллектке қалай әсер ететінін анықтады. Зерттеудің басты назарына ұйқының баяу фазасындағы түс көру уақытындағы ми қызметінің кезеңі болды. Бұл уақыт неғұрлым ұзағырақ болса, соғұрлым әйелдің IQ-і жоғары екені анықталды.
А. Оралқызы