Қыз балаға есім етіп қойылған мата атаулары

Қыз балаға есім етіп қойылған мата атаулары
Фото: envato.com

Қазақ балаға ат қоярда оның мағынасына терең үңілген. "Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады" деген наным-сенімге байланысты болса керек, қыз балаға әдетте нәзік, жеңіл есімдер таңдайды. Соның ішінде гүлдің атауларын, ай мен күнді қосқан. Бүгін қыз балаға есім етіп қойылған мата атауларын ұсынамыз.

Жібек, Манат
Виды шелка
Мысалы: Тегеріші манаттан, 
Жібектен ызып бау таққан 
Үйге де кірер ме екенсің?
Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан жас, Ақтан жас

Дүрия
Виды шелка
Мысалы: Оның iшiнде келiнге жасау тiгiлетiн батсайы, мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған.
М.Әуезов, Абай жолы: 1 том

Мақпал, Барқыт
Бархат
Мысалы: Ұлықтар отыратын екі биік стол қатар қойылын, үстіне алалы мақпал жабылыпты.
М.Әуезов, Абай жолы: 3 том

Бәтес
Батист
Мысалы: Алтынайға ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады.
Ж.Аймауытов, Ақбілек

Баршын, Қамқа
Парча
Мысалы: Олардың үстінде атлас, торғын, жолақ баршын көрпелер.
Т.Жармағамбетов, Екі жүрек

Ұштап
Штоф
Мысалы: Қауынның әңгелегіндей томпиған қос анары қос етек ақ ұштап көйлегінің омырауын кернейді.
Сейітжан Омаров, Жүйрік ат көңіл

Шұға
Драп
Мысалы: Абай үстіне бешпет, шалбар, сыртынан ұнамды күрең шұғамен тыстатып жеңіл, жылы, кең күпі киген.
М.Әуезов, Абай жолы: 2 том

Мата атаулары мен мысалдары "Сөз" арнасынан алынды.

Т. Есқали