Асхана сырлары: жұмыртқа пісіру

Асхана сырлары: жұмыртқа пісіру

Піскен жұмыртқа тез дайындалатын әрі тойымды таңығ ас бола алады. Ол салаттардың көбісінде кездеседі. Жұмыртқа пісірудің сырларын біліп жүрген артық болмайды.

  • Жұмыртқаны тоңазытқыштан шығарып, бірден суға салмаңыз. Оларды бөлме температурасында 15 минуттай ұстау керек. Сондай-ақ жұмыртқаны алдын ала жуып қойыңыз.
  • Суды қажетті мөлшерде құю да маңызды. Табаға жұмыртқалардан 2 см асатындай су құйыңыз.
  • Жұмыртқаларды суға ас қасықпен салыңыз. Бұл жұмыртқаның қабығын шағылудан сақтайды.
  • Жұмыртқаларды орташа отқа (қатты отқа емес!) қойып, судың қайнауын күтіңіз. Қайнағаннан кейін отты басыңыз.
  • Шала пісірілген жұмыртқаны жақсы көрсеңіз, оны 3 минуттан артық отта ұстамаңыз.
  • Орташа пісуі үшін жұмыртқаны 8 минут шамасында қайнатыңыз.
  • Жақсы піскен жұмыртқа 15 минутты талап етеді. Әдетте бұл түрі салаттарға қолданылады.
  • Жұмыртқаны тазалау оңайырақ болуы үшін, піскен жұмыртқаның қабығын кішкене жарып, суық суға салып қойыңыз. Осылайша ол тезірек суып, қабығы оңай алынады.
  • Жұмыртқаны тым көп уақыт пісірмеңіз, ондай жағдайда сары уыздың беті жасыл түске боялып қалады. Бұл құрамындағы темір мен күкірттің белгісі.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: selo.nl 

С. А