Мәзір: "лағман"

Мәзір: "лағман"

Орта Азия халықтарының сүйікті асына айналған "лағманды" әзірлемейтін ханым кемде-кем. Олардың жасалу әдісі әр түрлі. Назарларыңызға лағманның ең қарапайым жолын ұсынамыз.

Құрамы:

Қамырына қосамыз:

Ұн — 2 кесе

Су — 4 кесе

Тұз бен қант — бір шымшымнан

Жұмыртқа — 1

Негізгі құрамы:

Сиыр еті — 1кг

Пияз — 2 бас

Қызанақ — 1

Сәбіз — 1

Болгар бұрышы — 1

Қызыл бұрыш — 1

Картоп — 1

Аскөк — 1 бума

Ақжелкен — 1 бума

Дайындалуы:

  • Етті майда етіп турап, 20 минут қазанда қуырып аламыз;
  • 20 минут уақытта сәбізді, пиязды, қызанақты, болгар бұрыштарын, картоп пен аскөктерді ұсақ текшелерге тураймыз;

  • Уақыт қалып жатса, осы жерде лағман кеспесіне қамырды илеп қоюға болады. Ол үшін су, жұмыртқа, ұн, қант пен тұзды араластырып, қарапайым қамыр илейміз. 15 минут жылы жерге қоямыз;

  • Қуырылып жатқан еттің үстіне пияз саламыз. Енді осы қазанға арасына 5 минут салып, туралған сәбізді, қызанақты, картоп, болгар бұрыштарын, ақжелкендерді саламыз. Араластырып тұруды ұмытпау керек;

  • 20 минут өткеннен кейін, қазандағы етке су құйып, отты бәсеңдетеміз;
  • Жылы жерде ұстаған қамырды алып, қайтарып илейміз. Жұқа қамырға айналған соң, пышақпен бірнеше тілімдерге кесеміз. Май жағып, қолмен ары-бері сырғанатып, қамырды созамыз;

  • Бірнеше рет созғаннан кейін, қамырды дастарханға ұру керек. Бұл тағы да ұзартуға көмек береді;

  • Газ үстіне екінші қазанға су құйып, аздап тұз салып, қайнағаннан кейін лағман қамырларын салып жібереміз. Араластыра отырып, 8-10 минут қайнатамыз. Кеспелерді дереу түсіріп алу керек;

  • Лағманның еті мен көкөністері піскеннен кейін, отты сөндіреміз;
  • Дастарханға берердің алдында,  тостағанға алдымен қамырын салып алып, содан кейін барып сорпасын құямыз;

 Лағман әзір. Астарыңыз дәмді болсын!

А. Байжан