Мәзір: Котлет

Мәзір: Котлет

Котлет - бәріміздің сүйіп жейтін тағамдарымыздың бірі. Көбіміз оны әзірлеу қиын деп ойлаймыз. Шын мәнінде котлет дайындау аса қиын емес. Ал мына мәзір сізге котлет жасауда көмектеспек.

 Құрамы:

  • фарш - 700 гр;
  • картоп - 1 дана;
  • жұмыртқа - 1 дана;
  • нан - 2 тілім;
  • сүт;
  • тұз, бұрыш, сұйық май.
 Картопты үккіштен өткіземіз.
Пиязды барынша майдалап тураймыз.
 Нанды сүтке жібітіп қоямыз.
Фаршқа жұмыртқа қосып, араластырамыз. Оған картоп, пияз, езілген нанды қосамыз. Тұздап, бұрыштап, араластырамыз.
Фарштан котлет жасап, ұнға маламыз.
 Табада май қыздырып, котлеттерді қуырамыз.
 Екінші жағынан да қызарғанша қуырамыз.
Котлеттің бәрін қуырып болған соң, табаға су құйып, біраз суға бұқтырыңыз.
 Гарнир ретінде күріш берсеңіз болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А