Котлет - бәріміздің сүйіп жейтін тағамдарымыздың бірі. Көбіміз оны әзірлеу қиын деп ойлаймыз. Шын мәнінде котлет дайындау аса қиын емес. Ал мына мәзір сізге котлет жасауда көмектеспек.
| Құрамы:
| |
| Картопты үккіштен өткіземіз. | |
| Пиязды барынша майдалап тураймыз. | |
| Нанды сүтке жібітіп қоямыз. | |
| Фаршқа жұмыртқа қосып, араластырамыз. Оған картоп, пияз, езілген нанды қосамыз. Тұздап, бұрыштап, араластырамыз. | |
| Фарштан котлет жасап, ұнға маламыз. | |
| Табада май қыздырып, котлеттерді қуырамыз. | |
| Екінші жағынан да қызарғанша қуырамыз. | |
| Котлеттің бәрін қуырып болған соң, табаға су құйып, біраз суға бұқтырыңыз. | |
| Гарнир ретінде күріш берсеңіз болады. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова
С. А