Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Аңыз салат немесе нағыз "Оливье"

Аңыз салат немесе нағыз "Оливье"

Аңыз салат немесе нағыз

"Оливье" салаты - есте жоқ ерте замандардан бері дастарханның төрінен орын алып келеді. Туған Күн кеші, Жаңа Жыл немесе басқа да ірілі-ұсақты мерекелерді "Оливье" салатынсыз қарсы алу мүмкін емес нәрсе секілді. Жасқа да, жынысқа да, ұлтқа да қарамай ауызға алуға болатын осы бір салаттың дәмі де ешқашан ескірген емес. Біздің арамызда да "Оливьеден" дәм татып көрмегендер жоқ болар...

Осыдан біршама уақыт бұрын "Оливьені" дайындауды үйренген болсақ, бүгін сіздермен сүйікті салатымыздың тарихы туралы әңгіме айтып көрмекпіз.

Шұжықтың жартысы, жасыл бұршақтың бір банкасы, үш картоп, сәбіз және бір қапшық майонездің көмегімен жасалатын салаттың отаны - Франция. Франциялықтар оны "корнуют" деп атайды.

Атақты "Оливьенің" авторы да мәшһүр. Шебердің есімі - Люсьен Оливье ("Эрмитаж" мейрамханасының меңгерушісі). Салаттың дүниеге келген ресми жылы болып 1860 жыл белгіленді.

Мәзірде "Оливье" салаты пайда болысымен, Люсьеннің мейрамханасы әлемде ең көп адам келетін дәмханаға айнала шықты. Яғни, "Оливье" көпшіліктің асқазанын бірден жаулап алды.

Бақталастар әдеттегідей әлемді аузына қаратқан салаттың көшірмесін жасап шығуға талпынады. Алайда, ешкім де Люсьен Оливье секілді жасай алмады. Шебер өзінің құпиясын өле-өлгенше ешкімге жария етпеген.

Тек қана 1904 жылы бүгін сіз бен біз қорек етіп жүрген салат әзірленді. Қазір әркімнің өз рецепті бар десе де болады. Асхана қожайындары салатты дайындау үшін қолда барды қоса салудың шебері болып бара жатыр. "Заманауи оливьеден" сүрленген тауықты, теңіз таяқшасын, жүгеріні, маринадталған қиярды, жібітілген алманы көруге болады. Ал патшалық тағамға айналған нағыз классикалық "Оливьенің" құрамы мынадай еді:

1 бұзаудың тілі

2 қарабауыр

1 қадақ түйірсіз қара уылдырық

2 қадақ жаңа піскен салат(свежий салат)

25 қайнатылған шаян

2 банка пикули (сәл ғана қайнатылып ұсақ туралған көкөністер, аздап сірке (уксус) мен тұз қосылады)

1 банка соя қосып әзірленген ащы тұздық

2 қияр

5 қатып піскен жұмыртқа

Өкінішке орай, жоғарыдағы тағамдардың барлығы да тарихтың еншісінде қалып қойды. Сондықтан нағыз "Оливьені" дайындау мүмкін емес шығар. Кім білсін, біздің балаларымыз немесе олардың балалары "аңыз салатты" шаяндардан, уылдырықтан әзірлейтін болар, ал біз шамамыз жеткенше дәмді етіп әзірлеуге тырысайық!

Ал сіз "Оливьені" қалай әзірлейсіз?

Суреттер: libo.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

28292 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 ақпан 2013, 19:39
Пікірлер
+0
22 ақпан 2013, 18:59

"Оливьені" қатты жақсы көремін ) Қанша жесем де, бәрібір жақсы көре берем )

+0
22 ақпан 2013, 22:43

колбасаның орнына ет қосып әзірлсең күшті ғой. ал тұздалған қиярсыз мүлде дәмсіз болады, менің ойымша.

+0
23 ақпан 2013, 00:10

жегім келіп кетті гой :)

+0
23 ақпан 2013, 10:29

Мына рецептпен жасасаң оливье болмай калады екен ғой

+0
23 ақпан 2013, 14:21

Неге екенін білмеймін мен осы салатты аса ұнатпаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...