Інжір маусымы: оның пайдасы мен зияны

Інжір маусымы: оның пайдасы мен зияны
Фото: pixabay.com

Қыркүйекте інжір маусымы басталады. Оның тәтті дәмінен бөлек ағзаға тигізер пайдасы да көп. Күзде інжірді рационға қосудың пайдасы қандай?

Інжірдің пайдасы

Інжір түрлі дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Егер інжірді кептірсе, бұл жемісте дәрумендер мен микроэлементтердің деңгейі көбейе түседі. Алайда бұл жағдайда жемістің калориясы мен қанты 5 есе артып кетеді, сондықтан мамандар жаңа піскен түріне тоқталуға кеңес береді.

Інжір — ағзада көптеген процестердің дұрыс жүруіне қажетті мыстың нағыз көзі. Ол метаболизмді реттеуге, жаңа эритроциттер мен дәнекер тіндердің  түзілуіне қажет.

Бұл тәтті жеміс В6 дәруменіне бай. Ол ағзаға ақуыздарды аминқышқылдарға бөлуге және олардан энергия алуға көмектеседі. Сондай-ақ ол жүйке жүйесінің саулығында маңызды рөл атқарады және қартаю процесін баяулатуға қабілетті.

Жастықты сақтау сұрағында інжірдің құрамындағы антиоксиданттар көмектесе алады: олар ағза жасушаларын бос радикалдардың зақымдауынан қорғайды, әжім пайда болуының алдын алады.

Інжірді жүйелі түрде жеу жүрек-қан тамырдар жүйесі саулығына пайдалы. Көптеген зерттеулер інжір жеу мен «жаман» холестерин деңгейінің төмендеуінің арасынан байланыс барын анықтаған. Жеміс К дәруменіне бай: ол қан тамырлар қабырғаларын қатайтады және ұйыған қан түзілуінің алдын алады.

Тәтті жеміс  жасұныққа бай болғандықтан, ол асқазан-ішек жолы саулығында маңызды рөл атқарады. Ол ішектің жиырылуын жақсартады, ас қорытуды ыныталандырады және кей асқазан жүйесі ауруларының алдын алады.

Інжірдің зияны

Біріншіден, інжірде (әсіресе, кепкен түрінде) қант өте көп. Ал ол қандағы глюкозаның артып кетуін ынталандыруы мүмкін. Оны қант диабеті бар адамдарға жеу ұсынылмайды. Бір қызығы, шай қайнатуға қолданылатын інжір жапырақтары, керісінше, қандағы қантты бақылауда ұстауға арналған керемет құрал.

Екіншіден, інжір аллергиялық реакция беруі мүмкін. Егер оны бұрын жеп көрмеген болсаңыз, оның аздап дәмін көріп, ағзаңыз қалай әсер беретінін бақылаңыз.

А. Жапатова