Рукколаны рационға қосудың 7 себебі

Рукколаны рационға қосудың 7 себебі
Фото: unsplash.com

Руккола — салатқа қышқыл дәм беретін және адам денсаулығына пайдалы жапырақты жасыл өсімдік. Бұл хош иісті шөп біреулерге өткір және қышқыл дәмімен ұнаса, басқа тамақ талғағыштар оны сол қышқылдығы үшін жей алмайды. Рукколаны рационыңызға қосудың 7 басты себебін ұсынамыз.

Руккола — антиоксиданттар көзі.
Ол ағзадағы оттегіні сіңіру коэффициентін, яғни, антиоксиданттардың бос радикалдарды жұту қабілетін айтарлықтай арттыра алады. Антиоксиданттар жасушалардағы ферментті реакциялардың дұрыс тепе-теңдігін сақтау үшін қызмет етеді. Олар біруақытта түрлі ауруларды шақыратын бос радикалдарды анықтап, жойып отырады. Рукола өз қасиеттерімен иммунитетті арттыруға көмектеседі.

Руккола сүйектерге пайдалы К дәруменіне бай.
К дәрумені кальцийден күштірек және басқа миуроэлементтерге қарағанда сүйек тінінің тығыздығын сақтауға пайдалырақ. Сондай-ақ К дәрумені кальцийдің жақсы сіңуіне, бұлшықеттердің қалпына келуіне және зақымдар мен жаралардың жылдам жазылуына ықпал етеді.

Ол иммунды жүйені жақсартады.
Руккола жалпы денсаулықты жақсартатын дәрумендер мен минералдарға бай. Ол ең күшті дәрумендердің бірі — С дәруменіне бай. Бұл дәрумен иммунды жүйені қатайтуға көмектеседі және ағзадағы дұрыс тепе-теңдікті іштей қалыпта ұстайды.

Руккола зат алмасу мен ас қорытуға жағымды әсер етеді.
Рукколаның тағы бір артықшылығы — оның құрамында зат алмасу жұмысын жақсартуға ықпал ететін В тобы дәрумендерінің бар болуы. В тобының дәрумендері энергияның түзілуіне, майды синтездеуге, эритроциттердің түзілуіне және басқа да жасушалар саулығы үшін өмірлік маңызы бар процестерге көмектеседі.

Ол қатерлі ісікке қарсы қасиетке ие.
Рукколаның құрамындағы фитохимиялық заттар рак жасушаларының белсенділігін басады. Ол қатерлі ісіктердің алдын алады.

Руккола көруді жақсартады.
Рукола каротиноидтардың — көз саулығын жақсартатын табиғи пигменттердің танымал көзі болып келеді. Рациондағы каротиноидтар мөлшерін арттыра отырып, қартаюдың нашар көре бастау секілді классикалық белгісін баяулатуға болады.

Бұл қышқыл шөп артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Руккола — арықтағысы келетін қыздардың «көмекшісі». Басқа шөптер зат алмасуға рукола секілді осыншалықты жағымды әсер ете алмайды. Ол жалпы ағзаға сергітуші әсер береді. Оны нағыз табиғи энергетик десе болады.

Қарсы көрсетілім:

- Рукколаны қанды сұйылтатын антикоагулянттар ішетін адамдарға жеуге болмайды. Себебі руколаның құрамындағы К дәрумені мұндай дәрілердің әсерін жоққа шығарады;

- Рукколаның құрамында қымыздық қышқылы көп болғандықтан, ол созылмалы несеп-тас ауруын асқындырып жіберуі мүмкін. Сондай-ақ бүйректе тас түзілуге бейім адамдарға да оны жеу ұсынылмайды;

- Рукколаны жоғары қышқылды гастриті, бауыр ауруы, өт жолдары дискинезиясы, колит (тоқ ішектің қабынуы), тұз байлану аурулары және аутоиммунды аурулары бар адамдарға көп мөлшерде жеуге болмайды.

А. Жапатова