Суықта ағзаға энергия сыйлайтын 8 азық-түлік

Суықта ағзаға энергия сыйлайтын 8 азық-түлік
Фото: unsplash.com

Қыста адамға міндетті түрде энергия керек, себебі ағза ұйқының қанбауын және шаршаңқылықты өздігінен жеңуге шамасы жетпейді. Өз-өзіңізге келу үшін және ағзаны энергиямен қамтамасыз ету үшін не жеу керегін ұсынамыз.

Кофе
Кофенің ұйқыны ашуға және өзін сергек сезінуге көмектесетінін білмейтін адам жоқ шығар?! Кофеиннің шағын порциясының өзі ағзаны қуаттауға жеткілікті. Майсыздандырылған сүтпен дайындалған кофе ағзаны кальциймен және энергия сыйлау үшін көмірсулармен қамтамасыз етеді.

Астық үлпектері
Егер таңғы асқа жүгері қауызын жегенді жақсы көрсеңіз, оны тұтас дәнді үлпектерге ауыстырған жөн. Тұтас дәнді дақылдардың ірі талшықты үлпектері қан айналымға глюкоза шығарылуын баяулатады, ал ол ағзаны күні бойы энергиямен қамтамасыз етеді.

Жұмыртқа
Жұмыртқаның сарысы тамақтың энергияға түрленуіне жауап беретін В дәруменіне бай. Сондай-ақ жұмыртқа — ақуызға бай өнім.

Жаңғақтар мен кепкен жемістер
Жаңғақтар мен кепкен жемістер — пайдалы майлар, талшықтар және ақуыздардың керемет үйлесімі. Талшықтар гюкоза шығарылуын баяулатады, сондықтан энергия ұзақ уақытқа жетеді. Жаңғақтар мен шемішкелердің құрамындағы майлар да ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді. Жаңғақтар мен кепкен жемістерді тек ұзақ жұмыс күні емес, сондай-ақ ұзақ жүгірудің немесе бассейнде жүзудің алдында жеуді ұсынады.

Шай
Шай адамға қуат сыйлайды және сусызданудың алдын алады. Қара шай да, көк шай да адамға өзінше бір сергектілік пен энергия береді. Жемістер шайы тек қуаттандырып қана қоймай, ағзаны дәрумендермен де қамтамасыз етеді. Ағзаға бал қосылған шөптер шайы жақсы әсер береді. Алайда кофе ішкен соң сергектік сезімі бірден білінсе, шайдың әсерін сезу үшін сәл ұзағырақ уақыт керек.

Апельсин шырыны
Цитрусты жемістер — ұйқысы қанбайтындар үшін керемет шешім. Апельсин шырыны ағзаны энергиямен толтыратын С дәруменіне бай болса, ал апельсин, лимон және лаймның иісі ми қызметін белсенді ынталандырады. Оған қоса, цитрусты жемістер тұмау ауруларының алдын алады.

Алма
Бұл қарапайым жеміс кверцетинге бай. Ол бұлшықеттер жасушаларының жұмысына араласып, оларды көбірек энергия бөлуге мәжбүрлейді.

Шоколад
Тәтті құмарларға жақсы жаңалық — шоколадтың бір плиткасы ағзаны бірнеше сағатқа қуаттайды. Егер таңертең шоколадтың бірнеше бөлігін жеп алсаңыз, ағзада эндорфиндер бөліне бастайды. Алайда ағзаға энергияны тек қанты аз қара шоколад қана беретінін ескертеміз.

А. Жапатова