Суық күндері қандай тағамдардан бас тартқан абзал?

Суық күндері қандай тағамдардан бас тартқан абзал?
Фото: unsplash.com

Суық мезгілде біздің ағзамыз "энергияны үнемдеуді" қажет етеді. Өйткені күн сәулесі мен жылу түріндегі энергия көздеріаз. Тамақ — жылынудың және өзін қоректік заттардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етудің қолжетімді әдістерінің бірі. Алайда суық күндері кей өнімдерден бас тартқан жөн.

Жартылай дайын өнімдер мен фаст-фуд

Калориясы өте жоғары және оған қоса қорек құндылығы өте төмен өнімдер — суық мезгілде ағза үшін нағыз жау. Мұндай тамақтың ағза үшін ПӘК (пайдалы әсер коэффиценті) өте төмен: оларды жеген кезде "бос" калория мен минимум пайдалы зат (дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар) аласыз. Оған барлық фаст-фуд және қайта өңделген өнімдер (қытырлақ картоп, фри, шұжық) жатады. Оларды қарапайым, бірақ құнарлы тамақтарға ауыстырған жөн. Мысалы: бұқтырылып піскен ет пен суға піскен күріш және қосымша көкөністі салат.

Салқын сорпалар

Гаспачо, көк сорпа (окрошка), қызылша сорпасы — асқазанға қысым түсіретін тамақтар. Бұл сорпаларды жазда ғана ішіп, қыста ағзаны қосымша салқындататын тамақ жемеген жөн.

Мерзімдік емес өнімдер

Мерзімдік көкөністер мен жемістерді көбірек жеген дұрыс. Себебі олардың құрамында дәрумендер мен пайдалы заттар мол болады. Әр өнімді өз мерзімінде жеген ағзаға пайдалырақ болады. Күзде дүкен сөрелері мерзімдік көкөністер мен жеміс-жидектерге толы болады. Мысалы, асқабақ, саңырауқұлақ, қырыққабаттың барлық түрін және итмұрын, мүкжидекке мән беріңіз.

Құрамында қанты көп өнімдер

Бір қарағанда қыста өзімізді дәмді десертпен еркелетуге болатын секілді көрінеді, себебі жылдың бұл мезгілінде қосымша энергияны қажет етеміз. Бірақ қантты көп мөлшерде қолдану иммунитетті әлсірететінін ескерген жөн. Әйтпесе соның әсерінен жиі ауыруыңыз әбден мүмкін. Күзде және қыста ағзаға қажетті қант мөлшерін алу үшін қанты аз десерттерге және тәтті жемістерге мән беріңіз.

Алкогольді өнімдер

Суық мезгілде рационнан құрамында алкоголі бар өнімдерді азайту керек. Жалпы алкогольдің ағзаға зиян екенін білеміз. Сондай-ақ алкогольдің калориясы көп. Ол метаболизмді баяулатып, аштық сезімін күшейтеді. Сондықтан тамақты көп жеп, артық салмақ қосуыңыз әбден мүмкін.

А. Жапатова