Ақ шоколод – шоколад емес

Ақ шоколод – шоколад емес
Фото: pixabay.com

Негізі ақ шоколад деген табиғатта жоқ. Ақ шоколад деп жүргеніміз какао майы мен қанттың, ұнтақталған сүт пен ванилиннің қосындысы. Түсі ақ болатын себебі құрамында сүт бар. Құрғақ сүттің өзіне тән карамельді дәмі бар. Ақ шоколадқа да дәм беретін осы.

Мұндай шоколадты дайындаудың жолы көп. Ол рецебі мен сапасына, шикізат түріне байланысты. Какао майын аздап қосады, өйткені көбірек құйып жіберсе, шоколадтың түсі қарайып кетеді. Дәмі қара шоколадқа ұқсамауының да себебі осы.

Ал кәдімгі шоколадтың құрамындағы какаоның мөлшері – 20 пайыздан кем емес. Ақ шоколадты өндірушілердің көбі оны арзан ұнтақ пен өсімдік майынан дайындайды, какоасы аз болады. Сондықтан шындап келгенде ақ шоколадты "шоколад" деп атауға келмейді.

Қара шоколадтың құрамындағы сүттің мөлшері – 15 пайыз, ал какао майы – 20 пайыз, қанттың үлесі – 55 пайыз.

Қ. Слямбек