Мәзір: Шелпек

Мәзір: Шелпек

Шелпек - қазақ дастарханының дәстүрлі, ертеден келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Қазақ үстеліне алғаш осы шелпектер қойылады, оны кез келген мейрамдар мен қаралы күндері де жасайды. Жұма күні пісірілетін "жеті шелпек" те баршамызға таныс.  Назарларыңызда оларды дайындаудың оңай әдісі.

Жиі жағдайда заманауи келіншектер шелпек пен бауырсақтарды бір қамырдан илеп жасайды. Шелпектерді әрине бұлай жасаған қате емес. Алайда шелпектеріңіз жұқа, бірқалыпты піссін десеңіз, оған басқа қамыр әзірлеген дұрыс.

"Дұрыс" шелпектің қамыры ерекше құрамдас бөліктерді талап етпейді. Дайындалуы да оңай, қамырдың көтерілуі де ұзақ күттірмейді.

Құрамы: 

  • Ұн;
  • сүт - 0,5 литр;
  • ас содасы;
  • тұз, қант;
  • сұйық май - 3 ас қасық қамырға және қуыруға бөлек.
Сүтті жылытып, сұйық май, бір түйір тұз, ас қасық қант қосыңыз. Жарты шай қасық ас содасын сірке суы немесе қайнап тұрған суға ерітіп қосыңыз.
Ұн қосып, нан илей бастаңыз. Қамырды жұмсақ қылып илеп, жылы жерге 20 минутқа бетін жауып қойыңыз.
20 минут өткен соң,  қамырды бір басып, 7 бөлікке бөліңіз (одан көп шығуы мүмкін).
Дөңгелек пішінін беріп жайыңыз.
Шелпектерді қызып тұрған майға қуырыңыз.
Көп күтпей, екінші жағына аударыңыз.
Шелпектер дайын! Астарыңыз дәмді болсын.

Дайындаған: Сания Аринова

С. А