Күш сыйлайтын 4 пайдалы таңғы ас

Өзіңізді күні бойы қалай сезінетініңіз таңғы асқа тікелей байланысты. Диетологтар таңғы асты ең басты тамақ ішу уақыты деп санайды. Пайдалы таңғы астың 4 түрін ұсынамыз.

Классикалық таңғы ас
Таңғы астың классикалық түріне ірімшік пен қызыл болгар бұрышы қойылған қара нан, 1 суға қайнатылған жұмыртқа, апельсин және көк шай кіреді. Мұндай таңғы астан ағзаңыз протеиннің және баяу көмірсулардың көп мөлшерін алады. Оған денсаулыққа қажетті тағамдар қосылған.

IQ-таңғы ас
Майлы емес табиғи йогуртқа мюсли, жаңғақтар және жидектер (қаражидек) қосыңыз. IQ-таңғы ас есте сақтауды қатайтады және зейін қою қабілетіңізді жоғарылатады. Таңғы асқа дейін 1 стақан су ішіп алуды ұмытпаңыз. Майсыз йогурт құрамында тірі сүт қышқылды бактериялар бар, олар ішек флорасын ретке келтіреді. Жаңғақтар – миға қажетті дәрумендер мен минералдар көзі. Ал қаражидектің құрамында ми жұмысын ынталандыратын биологиялық белсенді заттар бар.

Энергетикалық таңғы ас
Таңертеңмен фитнеске баратын адамдар таңғы асына мынадай смузи дайындаса болады: майсыз сүт, банан және жидектерді араластыру. Содан соң бір кесе кофе ішуге болады. Сүттің құрамында бұлшықет массасын жинап, арықтауға көмектесетін протеиндер бар.

Ұзаққа дейін тоқтық әсерін беретін таңғы ас
Майсыз сүтке сұлы жармасын салып, ботқа пісіріңіз. Оған аздап даршын сеуіп, жаңғақтар мен алма қосып жеу керек. Содан соң 1 стақан су ішіңіз. Егер сұлы жармасы ботқасын асықпай жесеңіз, ол өте тойымды ас. Жаңғақтар тоқтық сезімін ұзартатын пайдалы майлар мен протеиндер береді. Алмада жеміс қанты бар, сондықтан ол қандағы қанттың дұрыс деңгейімен қамтамасыз етеді.