Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Қиярдың пайдасы

Қиярдың пайдасы

Қиярдың пайдасы

Қиярды бүкіл әлем жейді: Иранда оны десерт ретінде де қолданады. Қиярдың пайдасын және оны кімдерге жеу керектігін айтамыз.

Қияр құрамының негізін су құрайды. Сонымен қатар, бұл көкөністе А, В, С, РР, Е, К дәрумендері мен кальций, фосфор, магний, темір, натрий, хром, хлор, марганец, никель, кремний және калий минералдары бар.

Қиярды кімдер жеу керек?

Оның құрамы үйлесімді және құрамында ағзаға қажетті жасұнық болғандықтан барлық адамға жеу ұсынылады. Бірақ әсіресе, ол мына адамдар тобына пайдалы:

- Қалқанша безі ауруы бар адамдар;
- Ісікке бейімді адамдар:
- Жүрек-қан тамырлар аурулары бар адамдар;
- Семіздікке бейімді адамдар.

Тұздалған және маринадталған қияр пайдалы ма?

Егер тұздалған және маринадталған қиярды мөлшермен жесе, оның зияны жоқ. Алайда мұндай өнімде тұз, дәмдеуіш және қышқыл өте көп болатындықтан, ішектер ауруы бар адамдарға жеу ұсынылмайды. Дүкеннің маринадталған қиярының құрамын сыртына қарап, нақты білу мүмкін емес. Сондықтан, оны өзіңіз үйден дайындаған жөн.

Қарапайым қиярды барлық адамға жеуге бола ма?

Қиярды асқазанында жоғары қышқылдылығы бар, асқазан және он екі елі ішек жарасы бар адамдарға жеуге тыйым салынады. Кей адамдарда қиярға аллергия болады. Егер қияр жеген соң жөтелу, түшкіру, теріге бөртпе шығу секілді белгілерді байқасаңыз, ол аллергия болуы әбден мүмкін.

Қиярды қалай таңдау керек?

- Қатты әрі орташа қиярға мән беріңіз;
- Қиярдың құйрығына қараңыз, ол серпінді болу керек;
- Егер қиярдың түк дәні болмаса, онда көптеген зиянды заттар бар болуы мүмкін;
- Сары дақтар да нитраттың көп мөлшерін білдіреді;
- Химикаттардың көп мөлшері қиярдың қабығына және екі ұшына жиналады. Сондықтан, оның қабығын ашып, екі ұшын кесіп тастаған жөн. Әрине, егер қиярды бақшада өзіңіз өсірсеңіз, онда қабығымен жеген пайдалырақ.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 08 маусым, 16:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.