Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Бәлішке арналған қамыр: 6 дәмді рецепт

Бәлішке арналған қамыр: 6 дәмді рецепт

Бәлішке арналған қамыр: 6 дәмді рецепт

Ашытқы қамыр дайындау, оны екі рет басу, жылы жерде бірнеше сағатқа қалдыру, содан кейін ғана бәліш пісіруге кірісу... Үлкен қарқынмен дамып жатқан ғаламда мұның бәріне уақыт жоқ екені анық. Ендеше, жылдам дайын болатын қамырдың 6 рецептісін ұсынамыз.

Айраннан жасалатын қамыр

Айранннан жасалған қамырдың артықшылығы – жылдам дайын болуы және түрлі салындылармен үйлесуі. Егер тәтті пісірмеге қамыр дайындау керек болса, қантын көбірек қоссаңыз болғаны.

1. Қуырылған бәлішке арналған айраннан жасалатын қамыр

Қажетті ингредиенттер:

- 200 мл айран;
- 100 мл өсімдік майы;
- 1 ас қасық қант;
- 1 шай қасық тұз;
- 1 шай қасық құрғақ ашытқы;
- 2,5 стақан ұн.

Дайындалу жолы: Ашытқыны жылы суға араластырып, 10 минутқа қалдырыңыз. Оған қалған ингредиенттерді (ұнды ең соңынан салыңыз) қосып, қамыр дайындаңыз. Қамырды жылы жерге 1 сағатқа қалдырыңыз.

2. "Бес минуттық" қамыр

Бұл рецептте май жоқ, сондықтан оны балалар пісірмесіне пайдалануға болады. Сонымен қатар, пиццаға да қолдануға болады. Бұл қамыр түрінің бір кемшілігі – оған салынды ретінде ылғал өнім қолдануға болмайды.

Қажетті ингредиенттер:

- 200 мл айран;
- 2 жұмыртқа;
- 1 стақан ұн;
- 1 шай қасық ас содасы;
- 0,5 шай қасық тұз.

Дайындалу жолы: Айранға ас содасын салыңыз. Содан соң оған жұмыртқа мен тұзды қосып, ұн салып, қамыр дайындаңыз. Бәліш дайындауға кірісе беруге болады.

Сүттен жасалатын қамыр

Мұндай қамырдың артықшылығына оны алдын ала дайындап, содан соң тоңазытқышқа салып қою мүмкіндігі жатады.

3. Пешке пісіретін бәлішке арналған сүттен жасалатын қамыр

Қажетті ингредиенттер:

- 300 мл сүт;
- 1 шай қасық құрғақ ашытқы;
- 250 г кілегей майы;
- 3 жұмыртқа;
- 0,5 стақан қант;
- 4 стақан ұн;
- 0,5 шай қасық тұз.

Дайындалу жолы: Ашытқыны жылы суға араластырыңыз. Кілегей маргаринін ерітіңіз.Барлық ингредиенттерді араластырып, ұнды қосып, тығыз емес қамыр дайындаңыз. Қамырды тоңазытқышқа салып қойыңыз. Ол суықта қаншалықты ұзақ тұрса, соншалықты дәмді бола түседі. Оны тәтті және тәтті емес пісірмеге қолдана беруге болады.

4. Қуырылған бәлішке арналған сүттен жасалатын қамыр

Қажетті ингредиенттер:

- 500 мл сүт;
- 1 жұмыртқа;
- 1/3 стақан өсімдік майы;
- 0,5 шай қасық тұз;
- 1 ас қасық қант;
- 4 стақан ұн;
- 30 г ылғал ашытқы.

Дайындалу жолы: Ашытқыны жылы сүтке араластырыңыз. Оған тұз, қант және өсімдік майын құйыңыз. Содан соң ұнды салып, қамыр дайындаңыз. Қамырды пакетке салып, тоңазытқышқа салыңыз. Оны тоңазытқышта бірнеше күнге дейін сақтауға болады.

Қаймақтан жасалатын қамыр

Қаймақ негізінде дайындалған қамыр дәмді және жұмсақ болып шығады.

5. Тұщы қамыр

Қажетті ингредиенттер:

- 1 стақан қаймақ;
- 2 стақан ұн;
- 100 мл сүт;
- 50 г ерітілген маргарин;
- 2 ас қасық қант;
- 1 шай қасық тұз;
- 1 шай қасық ас содасы;
- 1 жұмыртқа.

Дайындалу жолы: Сүтті жылытып, оған қант пен тұзды салып, олар ерігенше жақсылап араластырыңыз. Қаймақты жұмыртқамен, маргаринмен араластырып, оған сүтті құйыңыз. Содан соң ас содасын салыңыз. Осы қоспаға ұнды біртіндеп салып, қамыр дайындаңыз. Бәліш пісіруге бірден кірісе беруге болады.

6. Ашытқысыз қамыр

Қажетті ингредиенттер:

- 300 г майлы қаймақ;
- 200 мл айран;
- 2 жұмыртқа;
- 30 г қопсытқыш;
- 1 ас қасық қант;
- 2 ас қасық өсімдік майы;
- 0,5 шай қасық тұз;
- 2-2,5 стақан ұн.

Дайындалу жолы: Жұмыртқа, қант және тұзды біртекті қоспа болғанша араластырыңыз. Содан соң айран мен қаймақты қосыңыз. Ұнды қопсытқышпен бірге лектен өткізіңіз. Ұнды сұйық қоспаға біртіндеп қосыңыз. Қамырға соңынан өсімдік майын құйыңыз. Сол кезде қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр шығады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 03 маусым, 10:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.