Массагеттен мәзір: Мерекелік торт

Массагеттен мәзір: Мерекелік торт

Соңғы кездері сан немесе әріп түріндегі торттар танымалдылыққа ие. Мұндай торттар қолжетімді ингредиенттерден жасалады және дастарханда өте әдемі көрінеді.

Бұл торттың тағы бір артықшылығы – оны кез келген затпен безендіруге болады: кішкентай тірі гүлдерден бастап түрлі тәттілер немесе жемістерге дейін қолдана аласыз. Ретсіз күйде әшекейлесеңіз де торт мерекелі әрі әдемі көрінеді.

Бұл тортты кез келген мерекеге, туған күнге және басқа да атаулы күнге пішінін өзгертіп пісіруге болады.

Қамырға (3 коржға) қажетті ингредиенттер:

- 1 жұмыртқа;
- 1 шымшым тұз;
- 80 г қант;
- 40 г бал;
- 50 г кілегей майы (сливочное масло);
- 0,5 шай қасық ас содасы;
- 190 г ұн.

"Пломбир" креміне қажетті ингредиенттер:

- 350 г қаймақ (20%);
- 1 жұмыртқа;
- 3-4 ас қасық ұн;
- 8 ас қасық қант;
- 140 г жұмсақ кілегей майы (82%).

Төмендегі видеодан 8 наурызға арналған мерекелік торттың дайындалу жолын көре аласыздар.

Құрметті, нәзік жанды арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Көктемнің шуағындай әркез күлімдеп жүре беріңіздер! 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар