Таңғы асқа арналған тойымды салат

Таңғы асқа арналған тойымды салат
Фото: pixabay.com

Жұмыртқа – ақуызға бай өнім. Оны таңғы асқа қуырып немесе суға пісіріп қана бермей, тойымды салат түрінде де дайындауға болады.

Қажетті азық-түліктер:

- 6 жұмыртқа;
- 1 үлкен пияз;
- 1 ас қасық кілегей майы;
- аскөк пен көк жуа;
- дәміне қарай тұз бен қара бұрыш;
- қуыруға аздап өсімдік майы.

Дайындау жолы:

1. Жұмыртқаны жуып, суы бар ыдысқа салып, отқа қоямыз. Жұмыртқа жарылып кетпес үшін аздап тұз салып жіберіңіз.

2. Пиязды қабығынан тазартып, оны ұсақтап тураңыз.

3. Табаны қыздырып, аздап өсімдік майы мен кілегей майын салыңыз. Май еріген кезде туралған пиязды салыңыз. Оны орташа отта қызарғанша қуырыңыз.

4. Жұмыртқа піскен кезде бірден суық судың астында ұстаңыз. Жұмыртқаны тазартып, орташа ыдысқа салыңыз. Содан соң оны шанышқымен езіңіз.

5. Аскөк пен көк жуаны ұсақтап тураңыз.

6. Езілген жұмыртқаға қуырылған пиязды, туралған аскөк пен көк жуаны салыңыз. Дәміне қарай тұзы мен қара бұрышын салып, жақсылап араластырыңыз. Дайын салатты нанға жағып беріңіз.

А. Жапатова