Какао ішейік!

Какао ішейік!

Жұмыс күнін кофеден бастайсыз ба? Жүйке жүйесін қоздыратын, қан қысымын көтеретін сусынды сергітетін басқа сусын - какаомен алмастырыңыз.

Какао бұршақтары жүрек ауруларынан сақтайтын антиоксиданттарға толы. Шоколад сусыны да кофе сияқты бойыңызды сергітеді, алайды мұны денсаулыққа зақымсыз жасайды. Ол миға қоректік заттарды жіберіп, қан жолдарын кеңейтеді.

Гипертониялық ауруларға шалдыққандарға какаоны дәрі ретінде қабылдаса болады. Какао құрамындағы флавонолдар қан қысымын түсіреді.

Ал заманауи медицина какао бұршақтарында алкалоид теобромин деген затты тапты. Ол ағзадағы холестерин деңгейін түсіреді. Сондай-ақ какао сусынында Bl, B2, РР дәрумендері, калий, магний, кальций, темір, фтор және пайдалы антибактериалды қосылыстар бар. Темір мен цинктың шамасы какаода ең көп болады. 

Какаодағы пурин атты қосылыстар нуклеин қышқылының негізін салып, гендік ақпараттың сақталуы мен берілуін қамтамасыз етеді.

Какао көпіршігіндегі заттар қатерлі ісіктің алдын алуы мүмкін. Айта кетсек, бұл қосылыстар жасыл шайдың өзінде азырақ кездеседі.

Сондай-ақ какаода адам ғашық болғанда ағзаның бөлетін қосылыстары кездеседі. Ыстық какао стақанынан кейін бақыт сезімі бойыңызды баулап алуы осыған байланысты болар.

Бәліш пен торттарға қосатын какао ұнтағы тісті берік қылып, құрттанудан тіс пастасынан артық сақтайды.

Ал сіз какао ішесіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mygazeta.com

С. А