Қойылтылған сүтті өз қолымызбен дайындау

Қойылтылған сүтті өз қолымызбен дайындау
Фото: YouTube

Дүкеннен сатып алатын қойылтылған сүтті (сгущенное молоко) көп жағдайда пайдалануға, тіпті құр өзін нанға жағып жеуге болады. Алайда олардың құрамында химиялық қоспалар көп болуы мүмкін. Қойылтылған сүт қажет болып, дүкенге баруға мүмкіндік болмаса, оны өзіңіз қолдан жасауға да болады.

Қажетті азық-түлік:

– 250 мл сүт;
– жарты стақан ұнтақ сүт;
– жарты стақан қант.

Барлығы да өте қарапайым. Алдымен қажетті азықтарды дайындап аламыз. Сүтті, қантты, құрғақ сүтті ыдысқа салып, бұлғағышпен араластырамыз. Біз оны буда дайындайтындықтан шағын кәстрөл немесе металл ыдыс алғанымыз жөн.

Үлкен кәстрөлге су құйып, қайнағанша күтеміз. Енді қоспа салынған кәстрөлді қайнап жатқан судың үстіне қоямыз. Бір сағат бойына қойылтылған сүт қалпына келгенше араластырып отырамыз. Бір сағаттан аз уақыт жұмсамаңыз. Кәдімгі дүкендегі қойылтылған сүтке ұқсас қоспа пайда болады. Ас болсын!

@. @assel_assanova