Үйден таңқурай киселін жасау

Үйден таңқурай киселін жасау

Дәмді, ашық түсті және пайдалы сусындардың бірі – кисель. Егер балаңызға бір тәрелке сорпаны тауыстыра алмасаңыз, оны бір стақан жидекті кисельмен ауыстыра аласыз. Ендеше, таңқурай киселін дайындаудың жолын ұсынамыз.

1 л кисельге қажетті ингредиенттер:

- 1 л су;
- 300 г балғын таңқурай;
- 80 г (3-4 ас қасық) қант;
- 90 г (3-4 ас қасық) картоп крахмалы;
- 2 ас қасық басқа кез келген жидек (міндетті емес);
- жалбыз жапырақтары.

Дайындалу жолы:

1. Жидектерді езіп, кәстрөлге салып, қант саламыз. Оны аз отқа қойып, 800 мл су құямыз және қайнауға дейін апарамыз.

2. Қалған суық суға крахмал езіп, жіңішке етіп жидектермен қайнап жатырған суға құямыз. Әрдайым араластыра отырып, қоюланғанша тағы бірнеше минут баяу отта қайнатамыз.

3. Аздап суыған соң, сүзіп аламыз. Оны графинге құйып, дәміне қарай балғын таңқурай, құлпынай, қаражидек және жалбыз жапырақтарын саламыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті