- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қай тағамға қандай...
Қай тағамға қандай дәмдеуіш қосқан дұрыс?
Кейде тағам дайындарда дәмін бұзып алатын кез де болады. Оның себебі дұрыс-бұрыстығына көз жеткізбей, үйде бар дәмдеуіштер қосып жіберу. Күрішке арналған, сорпаға арналған, тауық етіне арналған деген секілді дәмдеуіштер бекер шығарылмайды, өйткені әрқайсысына өзіндік дәм беретін қоспалар бар. Мына тағамдарға осындай дәмдеуіш қосқан дұрыс.
Ыстық сүтке: даршын, бозғалдақ (шафран), кардамон.
Етке: орегано, қара, қызыл не хош иісті бұрыш, пияз, қалампыр (гвоздика), куркума, майоран, жебіршөп (тимьян), зире (тмин).
Пеш пісірмелеріне: ваниль, қалампыр, мак, күнжіт, імбір, әніс, даршын, цитрус үгіндісі, хош иісті бұрыш, кардамон.
Құс етіне: райхан (базилик), жебіршөп, майоран, тасшөп (чабрец), сәлбен (шалфей), гүлшетен (розмарин).
Паштетке: кардамон, імбір, ақ бұрыш, даршын, лавр жапырағы, қалампыр.
Балыққа: жебіршөп, лавр жапырағы, көкшөп, ақ бұрыш, қыша, імбір, чили, күнзе.
Компот және жемісті шырындарға: даршын, жебіршөп, імбір, кардамон.
Қақтамаға (гриль): қызыл бұрыш, імбір, зире, кардамон, жұпар жаңғағы, жебіршөп, майоран.
Маринадтауға: түрлі аскөк, лавр жапырағы, қалампыр, арша.
Жабайы құстарға: арша, жебіршөп, қызыл бұрыш, киікоты (душица), хош иісті бұрыш.
Бұршақ тұқымдастарға: кориандр, кумин, жалбыз, імбір, бұрыш, кеурек (асафетида).
Рагуға: қалампыр, қызыл бұрыш, жұпар жаңғағы, імбір, хош иісті бұрыш, куркума, қара бұрыш, күнзе, зире, қыша, кардамон.
Картопқа: күнзе, карри, кеурек, куркума.
Орамжапыраққа: қара қыша, күнзе, кумин, фенхель.
@. @assel_assanova