Кешкі асқа отбасы мүшелеріне күнделікті кеспе қосатын сорпадан басқа түрін ұсынғыңыз келсе, құймақ қосылған сорпаны дайындап көріңіз. Оның дайындалуы уақыт алмайды және қиынға соқпайды. Қажетті азық-түлік: - 1 пияз;- ет;- 1 сәбіз;- 2-3 картоп;- 3 жұмыртқа;- 50 г балқытылған ірімшік.Алдымен етті пісіріп аламыз. Оны турап сорпаға салып, дәміне қарай тұз және аздап қара бұрыш қосамыз. Пиязды жіңішке етіп турап, сорпаға саламыз. Сәбізді үккіштен өткізіп, сорпаға саламыз. Пияз бен сәбіз 10 минуттай қайнаған соң, сорпаға картопты саламыз. Картопты салған соң, жылдам құймақ (немесе омлет) дайындауға кірісеміз. Оны дайындау үшін жұмыртқаға аздаған тұз бен бұрыш қосып, шанышқымен араластырып, табаға екі жағын пісіріп аламыз. Құймақты кеспеге ұқсатып жіңішке етіп турап, сорпаға саламыз. Содан соң балқытылған ірімшікті турап, оны да сорпаға саламыз. Сорпа 5-10 минут қайнаған соң дайын болады. Сорпа дайын!