- Негізгі бет
- Аспаздық
- Кептірілген жемістерден кәмпит...
Кептірілген жемістерден кәмпит жасау
Заманауи азық-түлік дүкендерінің сөрелері түрлі түсті қаптамадағы шоколадты кәмпиттер мен барлық мүмкін карамельдермен толып тұр. Алайда қазір адамдар сәнді қораптағы кәмпиттердің қасынан өтіп кете салады. Оның себебі бағасында емес, қазір кез келген бағаға кәмпит табуға болады. Бұл жерде мәселе сапасында болып тұр. Сондықтан оның орнына кептірілген жемістерден дайындалған өте пайдалы әрі тәтті кәмпиттер жасап үйренген жөн.
Кептірілген өрік пен жаңғақтан кәмпит жасау
Қажетті ингредиенттер: 200 г кептірілген өрік, 150 г бадам жаңғағы, 100 г мейіз және 100 г шоколад.
Дайындалу жолы: Өрікті жуыңыз. Қажеттігіне қарай кепкен жемістерді ыстық суда жұмсартып алыңыз, бірақ олардың ботқаға айналып кетпеуін тексеріп отырыңыз. Содан соң мейізді жуып, кептіріңіз. Өріктің жартысына бір бадам жаңғағы мен мейіз салып, оны өріктің екінші жартысымен жауып қойыңыз. Егер бүтін кептірілген жемістер қолдансаңыз, салындыны оның ішіне тығып жіберіңіз. Дайын кәмпиттерді буға ерітілген шоколадқа салып шығыңыз. Кәмпиттерді тоңазытқышқа аз уақытқа салып алыңыз.
Қараөрік пен печеньеден кәмпит жасау
Қажетті ингредиенттер: 200 г құмшекерлі печенье, 100 г кілегей майы, 20 шт қараөрік, 1 плитка сүтті шоколад.
Дайындалу жолы: Печеньені блендермен немесе оқтаумен ұсақтаңыз. Печенье үгіндісін жұмсақ кілегей майымен араластырып, біртекті масса шығарыңыз. Оны 20 бірдей үлеске бөліңіз. Қараөрікті жуып, оған аз уақытқа қайнаған су құйып қойыңыз. Печенье қоспасының бөліктерін шелпек ұқсатып жасап, оның ортасына бір қараөрік салып, одан қолыңызбен шар жасаңыз. Соңында шарларды буға ерітіліген шоколадқа салып шығыңыз. Дайын кәмпиттерді салқындау жерде ұстаңыз.
Кептірілген жемістер мен жержаңғақтан (арахис) кәмпит жасау
Қажетті ингредиенттер: құрма, өрік, мейіз, қараөрік (әрқайсысы 100 г-нан); 150 г грек жаңғағы, 50 г жержаңғақ, 50 г күнжіт дәнегі және 3 ас қасық сұйық бал.
Дайындалу жолы: Кептірілген жемістерді салқын суда жуыңыз. Оларды аз уақытқа (10-15 минут) қайнаған суға салыңыз. Содан соң оларды кептіріп, ет турағышпен ұсақтап алыңыз. Жаңғақтар мен жержаңғақтарды ұсақтаңыз. Осы ингредиенттерді бір ыдысқа салып, оған бал құйып, біртекті қоспаға айналдырыңыз. Қоспадан шағын шарлар жасап, оларды күнжітке аунатып алыңыз.
Кептірілген жемістер мен кокос ұнтағынан кәмпит жасау
Қажетті ингредиенттер: өрік, мейіз, қараөрік, тазартылған грек және орман жаңғағы (әрқайсысы 100 г-нан); безендіруге аздап кокос ұнтағы.
Дайындалу жолы: Кептірілген жемістерді біріктіріп, жақсылап жуып, қайнаған суға салып жібітіңіз. Оларды ет турағыштан өткізіңіз. Грек жаңғағын да ұсақтаңыз. Бүтін күйінде тек орман жаңғағын (фундук) қалдырыңыз. Кептірілген жемітер мен грек жаңғағын араластырыңыз. Алдымен бір орман жаңғағын алып, оның айналасына қоспадан шар жасайсыз. Әр кәмпитті кокос ұнтағына аунатып шығасыз. Кәмпиттерді тоңазытқышқа салып, қатырып алыңыз.
Кептірілген інжір мен апельсин шырынынан кәмпит жасау
Қажетті ингредиенттер: өрік, грек жаңғағы және кептірілген інжір (әрқайсысы 100 г-нан); аздап жаңа сығылған апельсин шырыны, күнжіт, 1 ас қасық бал.
Дайындалу жолы: Кептірілген жемістерді біріктіріп, жақсылап жуып, 40 минутқа цитрус шырынына салып қойыңыз. Содан соң інжір мен өрікті пышақпен ұсақтап тураңыз. Жаңғақтарды противеньге салып, аздап қызарғанша пеште ұстаңыз. Одан кейін жаңғақтарды да ұсақтап, ұсақталған жемістермен және балмен араластырыңыз. Сол қоспадан шарлар жасап, оларды күнжітке аунатып алыңыз. Кәмпиттерді тоңазытқашта қатырып алыңыз.