- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Пеште...
Массагеттен мәзір: Пеште пісірілген тауық еті
Пеште пісірілген тауық сирағы – әр ас үй ханшайымының тексерілген мәзірлер тізімінде болуы керек. Бұл тағамның дайындалуы жеңіл әрі уақыт алмайды. Дәмі де отбасы мүшелерінің көңілінен шығатыны анық.
Қажетті азық-түлік:
- 800 гр тауық сирағы;
- 1-1,5 кг картоп;
- 1 үлкен пияз;
- 100 мл соя тұздығы;
- 2 ас қасық мойонез;
- 1 ас қасық қыша;
- 1 ас қасық лимон шырыны;
- 2 ас қасық өсімдік майы;
- дәмдеуіштер (қара бұрыш, қызыл бұрыш, насыбайгүл);
- 1-2 сарымсақ.
Ыдысқа соя тұздығын, мойонез, қыша, өсімдік майын, лимон суын, сарымсақты және дәмдеуіштерді араластырып, маринад дайындаймыз.
Тауық сирақтарын маринадқа салып, жақсылап араластырып, ыдыстың бетін пакетпен жауып, тоңазытқышта минимум 30 минут ұстау керек.
Картопты орташа етіп тураймыз.
Пиязды жіңішке етіп тураймыз.
Маринадтан тауық сирағын алып тастап, ыдыста қалған маринадқа қартоп пен пиязды араластырамыз. Картопты аздап тұздап жіберуге болады.
Қаңылтыр табаға пергамент қағазын жайып, тауық сирақтары мен картопты саламыз. Оның бетіне сығылған лимонды турап салып жіберсеңіз болады. 180 градуста қыздырылып тұрған пеште 1 сағат пісіреміз.
Пеште пісірілген тағам дайын! Ас болсын!
А. Жапатова