- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Қышқылтым...
Массагеттен мәзір: Қышқылтым сорпа
Қышқылтым сорпа (рассольник) – калориясы төмен және пайдалы тағамдардың бірі. Бұл сорпаға ерекше және қышқылтым дәм беретін ингредиент тұздалған қияр болғандықтан, тамаққа тәбетіңізді жақсы ашады.
Қажетті азық-түліктер:
- 1 пияз;
- 1-2 сәбіз;
- 3-4 картоп;
- 4 тұздалған қияр;
- ет;
- тұз, қара бұрыш;
- аскөк, ақжелкен.
Қазанға су құйып, етті пісіреміз. Піскен етті ұсақтап тураймыз.
Сорпаны кешкі асқа дайындасаңыз, арпаны таңертең суға салып қойыңыз немесе сорпаның еті пісіп жатырған кезде бірге салып жіберіңіз. Ал суда тұрған арпаны ет піскен соң салсаңыз, 20 минут шамасында аз отта қайнатасыз.
Пиязды төртбұрышты етіп тураймыз. Сәбізді де төртбұрышты етіп тураймыз.
Тұздалған қиярды төрбұрышты етіп тураймыз. Сорпадағы арпа жартылай пісіп қалған кезде пияз, сәбіз және тұздалған қиярды сорпаға саламыз.
Одан соң сорпаға төртбұрышты етіп туралған картопты саламыз. Сорпаға дәміне қарай дәмдеуіштер қосыңыз.
Картоп піссе, сорпаның дайын болғаны. Қышқылтым сорпаны ақжелкен, аскөк және лимонмен безендірдік. Бұл сорпаны қаймақпен ұсынуға болады. Ас болсын!
А. Жапатова