Қыздырып пісірілген ет: аспаздың кеңестері

Қыздырып пісірілген ет: аспаздың кеңестері
Фото: beefstream.kz

Қыздырып пісіру – бұл етті дайындаудың тамаша әдісі. Қуырғанға қарағанда, қосымша майды қажет етпейтіндіктен, әжептәуір диеталық болып табылады. Оның үстіне, қыздырып пісіру сіздің аса көп уақытыңыз бен назарыңызды алмайды, бәрі «салып қойдың да ұмытып кеттің» принципі бойынша дайындалады. Тағамды одан да дәмді етіп дайындау үшін кеңестер мен ұсынымдар көмек береді. 

Кесекті таңдау                                 

— Етті тұтас кесекпен (аса ірі) немесе бөлшектеп; сүйектерге не жұмсақ етке бөліп; жалғыз не көкөністермен және тымыр жемістермен қоса дайындауға болады.

— Қыздырып пісіру үшін тұтас еттің кез келген бөлігі жарай береді, алайда, ондағы сүйектер мен тінді ұлпалардыңболуы, пісірген кездегідей дайындау уақытын ұлғайтатынын есте сақтаған жөн.

— Егер де сіз ұсақ кесектерге бөлінген етті қызыдырып пісірсеңіз, онда оны керамикалық ыдысқа салып пісірген жақсы болады. Бүкіл отбасына арналған – үлкен ыдыста немесе шағын бөліктерде.

Әзірлеу

— Етті қыздырып  пісірмес бұрын, оның төзімді қабығын қалыптастыру үшін оны жақсылып қыздырылған табаға салып «бастырып қою» қажет. Бұл оның шырындылығын сақтап қалуға көмектеседі. Етті ашық немесе жұқалтырға, пісіруге арналған қапшыққа, қара бидай ұнынан иленген қамырға салып пісіруге болады.

—   Егер Сіз етті жұқалтырсыз және қамырсыз пісірсе отырып, оның қабығы құрғақ боладыдеп алаңдасаңыз, етті тұздықпен, мысалы, қышамен немесе бал қосылған соя қоспасымен немесе жай ғана өсімдік майымен майлап жіберіңіз. Дәмдеуіштерді, хош иісті шөптерді, сарымсақты, арша жидектері мен басқа да дәмдеуіштерді қосуды ұмытпаңыз.

— Егер еттің дәмі мен хош иісін жақсартқыңыз келсе, оны қыздырып пісірер алдында астына көкөністен жасалған төсемді салыңыз. Барлығы жарай береді:пияз, сәбіз, картоп, шалқан, баялды, цуккини, асқабақ... Алма мен бежені де қосуға болады. Қыздырып пісірілген көкөніс етке хош иісін бере отырып, гарнир де бола алады, ал орнына еттің қуаты мен шырынын сіңдіріп алады.

—   Қыш ыдысқа салып  қуыру үшін ет бірден көкөністермен және дәмдеуіштермен бірге салынады, тұз, сорпа не тұздық қосылады (жай суды да құюға болады). Сұйық ингредиенттерді түгел жауып тұрмауы тиіс. Қыш ыдыстарды қақпағымен я болмаса жұқалтырмен жауып қойған жөн. 

Қыздырып пісіру процесі

— Қыздырып пісірудің уақыты қарапайым есептеледі: бір килограмм ет бір сағатты қажет етеді.

— қыш ыдыста қыздырып пісіру жоғары емес (140-150)  температурада жүзеге асырылады, ет бұқтырылып, жұмсақ болады. Бұған бір-бір жарым сағат уақыт қажет (қыш ыдыстың көлеміне қарай) және тағы да ширек сағат, қыш ыдыс ішіндегісімен бірге суи бастаған духовкада бұқтырылу үшін қажет.

— Қыш не шыны ыдыста қыздырып пісірген кездегі ереже өте қарапайым: суықты суық духовкаға, ал ыстықты ысыған духовкаға қоямыз. Өйткені мұндай ыдыс температураның күрт өзгеруіне өте құбылмалы болып келеді. Егер сіз қыш ыдысты ысыған духовкаға қойғыңыз келсе, онды оның ішіндегісіне ыстық сорпа құйыңыз.      

— Егер сіз етті алдын ала ешнәрсеге орап салмасаңыз, онда оны 180-200 градусқа дейін қыздырылған духовкаға салыңыз. Қабығы қалыптасқан соң қыздыруды (150-160 градусқа дейін) азайтып, дайын болғанға дейін жеткізіңіз. 

—  Дәмді қабықты жұқалтырға орап пісірген уақытта алуға болады. Жұқалтырды болжалды дайын болу соңына дейін 10-15 минут бұрын жай ғана ашып қойыңыз.    

beefstream.kz

@. @assel_assanova