Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Дұрыс тамақтану: не жеуге болады?

Дұрыс тамақтану: не жеуге болады?

Дұрыс тамақтану: не жеуге болады?

Денсаулығымызды күтіп, дұрыс тамақтанған жөн. Алайда салауатты өмір салтын ұстанатындардың мәзіріне не жататынын біле бермейміз.

Таңғы ас

Сұлы жармасы және аздаған кептірілген жеміс, майлылығы аз сүт, жемістер.

Зәйтүн майы ғана қосылған көкөніс салаты. Ыстық бутерброд.

Бір қасық мейіз қосылған сұлы жармасынан жасалған ботқа.

Қайнатылған қарақұмық (гречка), бір ас қасық өсімдік майын қосамыз.

Жұмыртқа, үлкен қызанақ, қара нан мен ірімшіктен (сыр) жасалған бутерброд.

Майлылығы аз сүзбе (творог), оған көкшөптер, шалқан (редис) қосамыз.

Қарақұмық, салат жапырағы мен қайнатылған тауық етін қосамыз.

Майсыздандырылған сүзбе, оны блендерге салып бананмен араластырамыз.

Түске дейін жүрек жалғау

Жемістер не сүзбе ірімшік (брынза) пен крекер

Майлылығы аз сүзбе, балғын не мұздатылған жидектер

Бір стақан айран (майлылығы 1%), екі қара нан.

Бір алма, майсыздандырылған сүзбе.

Майсыз ірімшік (сыр) және диеталық құрғақ нан (хлебцы).

Бір қайнатылған жұмыртқа және көкөніс шырыны.

Моцарелла, базиликпен бірге қызанақ.

Түскі ас

Тауық еті мен көкөністен жасалған сорпа. Қияр, қызанақ, болгар бұрышы, пияз, зәйтүн майы қосылған салат.

Брокколи, бұқтырылған нәлім (треска). Салат жапырағы.

Қайнатылған, бұқтырылған, пеште пісірілген тауық төсі, қайнатылған күрішімен. Көкністен жасалған жеңіл салат.

Картоп пен бұқтырылған бұзау еті. Сүзбе ірімшік пен қызанақтан жасалған салат.

Бұқтырылған әлде қайнатылған бұзау еті. Қызанақ, зәйтүн, көк жуаға лимон шырыны сығылған салат.

Екінші сортты нанның бір тілімі және вегетариан супы. Көкністерден жасалып, зәйтүн майы қосылған салат.

Қақталған (гриль) майсыз балық, қайнатылған картоп. Көкшөптерден жасалып, лимон сығындысы қосылған салат.

Қайнатылған қарақұмық және бұқтырылған бауыр. Туралған көкністер.

Кешке дейін жүрек жалғау

Бір стақан қатық (2,5%) және екі тілім қара нан.

Сұлы печеньесі, көк шай.

Айран (1,5%), диеталық құрғақ нан.

Майсыздандырылған сүзбеге бал қосамыз.

Қайнатылған жұмыртқа, қызанақ.

Қара нан және айран.

Кешкі ас

Пеште піскен болгар бұрышы, тартылған (фарш) сиыр еті, котлет. Черри қызанағы, жұмсақ ірімшік (сыр), аздаған аскөк.

Қақталған сүбе (филе) балық, көкөністер. Табиғи айран.

Бұқтырылған майсыз балық. Көк шөптер мен лимон сығындысы.

Ақсерке (семга), қайнатылған күріш. Қызанақ.

Екі ақуыздан жасалған омлет, майсыз сүт. Қызанақ, көк жуа.

Майсыз бұзау еті, көкніс, ірімшіктен жасалған пісірме (запеканка). Екінші сұрыпты нан мен құныс балық (горбуша).

Бұқтырылған әлде көмбештелген бұзау еті. Орамжапырақтан жасалған салат.

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Feel-feed.ru
Қосылған күні: 25 мамыр 2017, 12:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.