Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Жүгері жейсіз бе?

Жүгері жейсіз бе?

Жүгері жейсіз бе?

Жүгерінің отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Ғалымдардың пайымдауынша, жүгері – планетамыздың ең ежелгі нан өсімдігі екен. Перу жеріне жүргізілген зерттеулер барысында б.з.д. бесінші мыңжылдыққа жататын жүгері собығының табылуы оның ең ежелгі өсімдік екендігіне дәлел бола алады.

Археологтар 1950 жылы Мексика жеріндегі Рио-Гранда аңғарынан жүгерінің 750 дана собығын тауып алды. Алайда, табылған собықтар заманауи сорттардың қабығынан ерекшеленеді: көлемі аса үлкен емес, дәндері тым майда, үштен бір бөлігі ғана жапырақпен қапталған. Аталған олжа жүгері шаруашылығының тым ерте пайда болғандығына нұсқайды, ғалымдардың сөзімен айтсақ, адамдар жүгеріні осыдан 10 мың жыл бұрын танитын болған.

Америкада жүгеріні «маис» деп атайды. Мұндай атауды ойлап тапқандар ежелгі майя тайпалары екен. Ал майя тайпаларының маистың бірнеше сортын өсіргені белігілі, оның ішінде тез пісуге бейім «Қораз әні» деген түрі бар. «Қораз әні»  сорты көктеу басталысымен екі айда пісіп-жетілсе, «Маис-қыз» сорты үш айда жеуге жарамды болады. Сондай-ақ, майялықтар 6-7 айдан кейін пісіп-жетілетін «Маис-кемпір» атты жүгері түрін өсірген.

Жүгерінің құрамында А, В, С, Е дәрумендері, фолацин, ниацин, тиамин, калий, магний, крахмал, протеин, қант, түрлі пайдалы майлар, аскорбин қышқылы және минералды тұздар бар.

Жүгеріні жиі пайдаланатын болсаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Оған қоса, жүгері жүрек қантамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізіп, теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, қартаюдан сақтайды. Құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына көмектеседі.

Ал бетіңізге жүгері маскасын жасар болсаңыз, ажарыңызды келтіріп, теріңізді ағартады. 

Мамандардың айтуынша, бауыр ауырса, жүгері шашағын немесе талшығын пайдалану керек. Ол түйір дәріден әлдеқайда пайдалы. Бұл үшін алдымен жүгері сабағын қабы­ғынан және жапырақтарынан айырып алыңыз. Содан кейін шашақтарды қай­на­ған суға демдеп, шай тәрізді ішіңіз. Емдеу мерзімі науқастың жағдайына қарай кейде жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал еміңіз ойдағыдай әсер ету үшін жүгері собығы пісіп-жетілген болуын қадағалаңыз. Өйткені, піспеген жүгерінің емдік қасиеті болмайды.

Суреттер: rewalls.com6yuzhnydom.ru, fontgarden.ru, liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

23811 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 04 қазан 2012, 08:00
Пікірлер
+0
04 қазан 2012, 10:58

Жүгеріні сүйіп жеймін)

+0
04 қазан 2012, 11:01

керемет ас қой, өз басым сүйсініп тұрып жеймін. Тәбетімді ашып жіберді ғой!

+0
04 қазан 2012, 11:08

б.з.д. бесінші мыңжылдыққтан бері жатып, шірімей сақталған жүгері собығы - не деген сапа десеңші! Міні бұрынғының сапасы қандай, қазіргінің бәрі "қытайски"...

+0
04 қазан 2012, 11:41

мен қатты жақсы көрем, маманың холестерині жоғары апарып бермесем күнделікті

+0
04 қазан 2012, 12:03

Апамның бақшасында көптеп өсуші еді

+0
04 қазан 2012, 12:59

папам соңғы екі жылда егіп жүр, туыстарымыздың бәрі қарқ болады ;)

+0
04 қазан 2012, 21:19

мен жүгері жеп көрген жоқпын)

+0
05 қазан 2012, 08:51

мағанда қатты ұнайды

+0
13 наурыз 2013, 11:25

Жүгері менің сүйікті асым. Жүгері пайдалы, әрі дәмді, әрі тойымды. Ақ жүгеріден қарағанда сары жүгері қаттырақ ұнайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...