- Негізгі бет
- Аспаздық
- Тоңазытқышта тағамды қалай...
Тоңазытқышта тағамды қалай сақтаған дұрыс?
Тоңазытқышта ас-тағамды сақтаудың өз дағдысы бар екендігін жақсы білеміз. Алайда нақты қандай қадамдарды жасау керектігін білмей жатамыз. Ендеше келесідей кеңестерге құлақ түріңіз.
- Ыстық тамақты тоңазытқышқа қою мүлдем дұрыс емес. Тағамды суытып барып қойған жөн.
- Өткір иісті тағамдар (сарымсақ пен пияз қосылған салаттар) арнайы жабық ыдыстарда немесе герметикалық орамдарда сақталғаны жөн. Пияздың өткір иісі өзге тағамдарға сіңіп қалады.
- Майлы тағамдар оралған күйде болуы тиіс. Өзге тағамдардың иісі майлы тағамдарға сіңіп қалады. Май, кілегей, маргарин майы да жабылған болуы қажет.
- Ет пен балық кеберсіп, дегдіп қалмауы үшін полиэтилен дорбаға орау тиімді.
- Нан өнімдерін ыдысқа салып, сыртын марлымен жапқан дұрыс. Марлы ауаның циркуляциялануы мүмкіндік береді.
- Жемісті жумай салған дұрыс. Суланған жеміс тез бұзылады. Әрі ылғал өтпейтіндей қаптамада (контейнер) болғаны жөн. Банан, ананас, гранатты тоңазытқашта сақтамаңыз: суыққа шыдамайды.
- Минералды емдік сусындарды қатты салқындатудың қажеті жоқ. Емдік қасиетін жоғалтып алуы мүмкін.
- Шоколод өнімдерін мүлдем тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ.
B. ZHAQSYMBET