Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Бүгін ыдысты кім жуады?

Бүгін ыдысты кім жуады?

Бүгін ыдысты кім жуады?

Әрине, бұл – үйді толық жиыстыру емес, алайда осы  сұрақ отбасылық өмірде ең көп талқыланатын сұрақтардың бірі болып есептеледі. Егер ыдыс жууға арналған құралды дұрыс таңдап, үрдісті сауатты ұйымдастыратын болсаңыз, ыдыс жуу қиынға соқпайды, уақыт алмайды. Оған қоса, біз ұсынған ережелерді қаперіңізде ұстасаңыз, ұтылмасыңыз анық.

Бірінші ереже. Әдемі қолғап, алжапқыш және ыдыс жууға арналған ысқыш сатып алыңыз. Түстері өзіңізге ұнайтын болсын. Сонда олар әр ыдыс жуған сайын көңіл-күйіңізді көтеретін болады.

Екінші ереже. Ыдысты дастархан басынан тұрған бойда бірден жуыңыз. Мұндай жағдайда ыдыс жуу үрдісі зауық болмайтын бөлек бір шаруа емес, тамақтану рәсімінің бір бөлігіне айналады.

Үшінші ереже. Ас даярлау кезінде пайдаланылған ыдысты бірден жуып, орнына қойған жөн. Сонда тамақтанғаннан кейін шұңғылшада ыдыс-аяқ үйіліп жатпай, тек бірнеше тәрелке, саптыаяқ және асхана аспаптары ғана болады.

Төртінші ереже. Майды керемет кетіріп қана қоймай, сонымен қатар қолдың терісін ылғалдандыратын жуғыш құралдарды пайдаланыңыз.

Бесінші ереже. шанышқылардың, қасықтардың және пышақтардың барлығын бір уақытта сабындап, су ағынының астында бірге жуыңыз.

Алтыншы ереже. Оңай зақымданатын тефлон жабыны бар ыдыс ерекше күтімді қажет етеді. Оны ұнтақ немесе паста түріндегі жуғыш құралдармен тазаламаған жөн.

Жетінші ереже. Сонымен қатар сүйікті музыканы, аудиокітаптарды, теледидарды немесе отбасымен тілдесуді ұмытпаңыз. Ас үйді жиыстыру барысында, үйді жиыстырған секілді, бірнеше істі бір уақытта жасауға болады.

Дереккөз: anabol.kz

0
Рейтинг: +0

Фото: 3secrets.ru
Қосылған күні: 08 наурыз 2017, 13:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.