Мәзір: Сүзбе бәліші

Мәзір: Сүзбе бәліші

Ұнсыз бәліш пісірмейді деп ойлайсыз ба? Мына бәліш ұнсыз-ақ, дәмді, нәзік болып піседі.

Құрамы:

  • "творопыш" ұнтағы;
  • сүзбе - 800 гр;
  • жұмыртқа - 5-6 дана;
  • сүт - 250 гр;
  • қант - 150 гр;
  • кішкене майдаланған мейіз;
  • ванильді қант - 1 пакет.
Жұмыртқалардың сарысы мен ағын бөлеміз.
Ақуызды миксер көмегімен 5 минут бойы көпіртеміз.
Жұмыртқаның сарысына сүт, сүзбе, "творопыш" ұнтағын, ванильді қантты қосамыз.
Көпіртілген ақуызды біртіндеп қамырға қосамыз.
Үлкен қасықпен араластырамыз.
Пішінді майлап, қамырды құямыз. 170 градусқа 40-50 минутқа қоямыз.
Піскен бәлішті пеште суығанша қалдырамыз.
Бәліш дайын. Бәлішті суық кезінде дастарханға берген дұрыс. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А