Дертке дауа – айран

Дертке дауа – айран
Фото: anabol.kz

Ақ сүттен жасалған адам ағзасына пайдасы мол айранның түрлі дертке дауа екенін бірі білсе, бірі білмес. Бұл өнімді медицинада «жедел жәрдем ас» деп те атап жатады. Себебі, бұл өнім ағзаны тазартып ғана қоймай, өзіне тән дәрумендерімен емдік қасиетке ие.

• Ас қорыту жүйесін реттейді.
• Жұқпалы дерттен сақтайды.
• Көздің көру қабілеттілігін арттырады.
• Терінің жұсақ әрі әдемі болуына жағдай жасайды.
• Антибиотиктердің қосалқы әсерлерін жояды.
• Жүйке және жүрек үшін қажетті В1 витамині бар.
• Ұйқысыздық дертін болдырмайды.
• Ота жасалғанда ағзаның тез жазылуына әсерін береді.
• Іш өту және асқазан ауруларын емдейді.
• Адамның күшін арттырады (құрамында ақуыз бар)
• Жара және күйіктерді емдейді.
• Сүйектің жетілуі үшін D витамині бар.
• Ішектердің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
• Түрлі инфекциялардың алдын алады.
• Құрамында кальций мен калий бар.

Сонымен қатар, айран таптырмас косметика. Шаш күтімінде алар орны зор десе де болатын шығар, өйткені шаштың қайсар болып, жылтыр қалпын сақтауы үшін айранды пайдаланғаныңыз жөн. Шаш жуардан 30-40 минут барын шашқа сіңіре жағу керек. Ал терінің тазарып, ағарып, өз реңін сақтауы үшін айран маскасын пайдаланыңыз. Ваннадан кейін бетіңізге маска жасап, 20 минуттан соң жылы сумен шайып тастаңыз. Бұл маска бетке әжім түсуден де сақтайды екен.   

                                                                                                                                       Дереккөз: anabol.kz                                                                                         

Ә. Жутаева