Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Қабат-қабат тоны бар...

Қабат-қабат тоны бар...

Қабат-қабат тоны бар...

Аяулы оқырмандарымызға күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын көкөністердің қасиеттері мен пайдасы туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. 

Бүгінге дейін әңгімемізге арқау болған барлық көкөністер мен жеміс-жидектерге қарағанда, орамжапырақтың шығу тарихы өте қызықты. Ғалымдардың бұл көкөністің тарихына деген қызығушылықтары да өте ерекше.

Көптеген тарихшылар, медицина қызметкерлері және ең озат деген аспаздар өскелең ұрпаққа орамжапырақ хақында небір өсиеттер айтып келеді.

Сондай аңыздардың бірі былай деп сыр шертеді: ертеде Юпитер атты құдай сәуегейлік кітабының афоризмдерін құрастыру барысында қатты қиналып, әбігерге түседі де, терлей бастайды. Нәтижесінде, жер бетіндегі барлық құдайлардың әкесінің маңдайынан біртіндеп тер тамшылары ағады. Жерге түскен осындай бірнеше тер тамшыларынан орамжапырақ өсіп шыққан.

Әрине, бүгінде мұндай аңыздарға балабақшадағы баланы сендірудің өзі қиын. Алайда, көпшілігіміз жиі қолданатын «капуста» сөзі көне рим тіліндегі «капутум», яғни «бас» деген сөзден шыққан. Осы сәйкестікке қарап,  көптеген ғалымдарымыз жоғарыдағы аңыздың ақиқат болуы мүмкін деген болжамдар айтады да, орамжапырақтың отаны – Рим деген қорытынды шығарады.

Жо-жоқ! Бұл қорытындымен келісуге асықпаңыз. Итальяндықтар мен гректер де орамжапырақтың отаны ретінде өз елдерін таныстырады. Ал, Джапаридзе атты орамжапырақтың пайда болуын зерттеуші профессор бұл тізімге Грузия мемлекетін қосады. Және бұл пікірін тек қана грузиндіктердің жерінде өсетін, еш жерде қайталанбайтын орамжапырақ тектес көптеген көкөністердің кездесетіндігін айта отырып дәлелдеуге тырысады. Ертеде орамжапырақты ол мекенде «кежера» деп атаған екен.

Орамжапырақты тағам ретінде пайдалану осыдан бірнеше ғасыр бұрын-ақ қалыптасқан. Әсіресе ежелгі тайпалар оны тұздалған етпен жесе, жапырақтарын салатқа пайдаланған.

Білесіз бе, көне грек ғалымы, философ Хрисипп орамжапыраққа кітап арнаған екен. Онда көкөністің адам ағзасына тигізер пайдасы туралы баяндалған. Кітапқа сенсек, гректер мен римдіктер орамжапырақтың көптеген кеселдерге шипа болар, емдік қасиеті бар деп санаған. Орамжапырақ бас ауруды басып, саңыраулықты емдейді және ұйқысыздықтан құтқарып, ішкі ағза ауруларына шипа бола алады.

Құрамы: Орамжапырақ құрамында 90 % су және жасұнық, кальций, магний, темір, фосфор және К, С дәрумендерінің көп бөлігі мен В1, В2, В3, D, Р, РР, Н дәрумендерінің аздаған бөлігі бар. Сондай-ақ, бүйрекке, қанайналымына, қалқанша безіне аса қажет аминқышқылдарына өте бай.

Орамжапырақ – артық салмақтан арылғысы келетін аруларымыз үшін таптырмас жәрдемші. Құрамындағы су мен жасұнық майдан арылуға себпкер бола алады. Ал бақшадан жаңа жұлынған орамжапырақтың жапырақтары жарақаттарды жаза алады. Ашытылған қырыққабаттың шырыны қант диабетін емдеуде қолданылса, қарапайым орамжапырақтың шырыны ұйқысыздықтан құтқарады. Сондай-ақ шырынды ішек жолдары және асқазан ауруларына ем-дом ретінде пайдаланып көріңіз. Оның құрамындағы жасұнықтың көп бөлшері ағзаны артық шлактардан тазартады.

Суреттер:fitfan.ru,zelengarden.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

32128 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2012, 10:55
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2012, 13:43

орамжапырақтың салатын жасау өте оңай және дәмдііі :)

+0
12 қыркүйек 2012, 00:31

Диеталық көкөніс қой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...