Массагеттен мәзір: Болоньезе спагеттиі

Массагеттен мәзір: Болоньезе спагеттиі
Фото: massaget.kz

Болоньезе тұздығы Италияның солтүстігіндегі Болонья қаласынан шыққан, сол себепті де осындай атауға ие болған. Ол көбіне макарон өнімдерімен беріледі. Кейде езілген картоппен де ұсынылады екен. Италиялық дәстүрлі тағамның бірі Болоньезе спагеттиі massaget.kz дастарханынан да өтті. 

Қажетті азық-түліктер:

– 300 грамм спагетти; 
Тұздық үшін: 
– 1 пияз; 
– 1 сәбіз; 
– 1 кесе өсімдік майы; 
– 1 шай қасық сары май; 
– 500 грамм тартылған сиыр еті; 
– 2 ас қасық томат немесе 2 үлкен қызанақ; 
– 0,5 кесе сүт. 
– дәстүрлі Болоньезе тұздығына талғамға қарай балдыркөк (сельдерей) қосылады. Бірақ біз қоспауды жөн көрдік. 
– тұз, бұрыш.

 

Алдымен көкөністерді турап аламыз. Пияз бен сәбізді ұсақтап тураймыз.

Тартылған етті де дайындаймыз.

Туралған көкөністі, тартылған етті және сүт, өсімдік майы, сары май, тұз бен бұрышты, томатты араластырып, 30 минут қуырамыз.

Осы уақытта 300 грамм спагеттиді қайнап жатқан ыстық суға салып, пісіріп аламыз. Дайын болған кезде суық суға салып, суытып, кейін өсімдік майын қосып араластырып қоямыз.

Тұздық пен спагетти дайын болса, тәрелкеге салып, ұсынсаңыз болады. Бетіне ірімшікті үккіштен өткізіп, сәндеп беріңіз.

Ас болсын!

Г. Берік