Қаныққан шәрбаттағы консервіленген шабдалы – қысқа арналған керемет сусын. Төменде берілген рецепт бойынша дайындалған нәрсу (компот) дәмді әрі хош иісті, ал ондағы шабдалылар өте жұмсақ болады.
Қажетті ингредиенттер:
– 3 кг шабдалы;
– 1 л суға 300 гр қант;
– лимон қышқылы.
Дайындалу жолы:
1. Шабдалыларды жуып, тығыз әрі толық піспеген түрлерін таңдап алыңыз.
2. Шабдалы нәрсуын дайындамас бұрын шабдалыны түкті қабығынан тазарту үшін оларды булау қажет. Ол үшін шабдалыны алдымен қайнаған суға 1 минутқа салып, содан соң суық суға салыңыз.
3. Шабдалыны қабығынан тазартыңыз. Содан соң олардың дәнегін алып, 2-4 бөлікке бөліңіз.
4. Жемістерді зарарсыздандырылған құтыларға салып, үстіне қайнаған су құйып, қақпағын жауып, 15 минутқа қалдырыңыз.
5. Содан соң құтылардағы суды қазанға құйып алып, көрсетілген пропорция бойынша қант салыңыз.
6. Шәрбатты отқа қойып 5 минут ғана қайнатыңыз. Лимон қышқылын қосыңыз.
7. Шабдалыларға қайнаған шәрбатты құйып, құтыны жабыңыз.
8. Шабдалы нәрсуы бар құтыларды түбін жоғары қаратып аударыңыз, орамалмен орап, толықтай суығанша қалдырыңыз.
9. Шабдалы нәрсуын салқын және қараңғы жерде сақтаңыз.