- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Мохито...
Массагеттен мәзір: Мохито
Көпшіліктің өзгелерден ерекше деп есептейтін лимонады – мохито. Жаздың ыстық күнінде салқын мохито жасап ішсеңіз, одан асқан рахат болмас. Оны әзірлеу сіз ойлағандай, аса қиын да емес. Құрамындағы азықтар қалтаға аздап салмақ түсіргенімен, тапқанын өзінен аямайтын жан үшін бұл сусын қалауын қанағаттандыра алады.
Қажетті азық-түлік:
– 2-3 лайм;
– 0,5 лимон;
– 2 байлам жалбыз;
– секер;
– мұз;
– 0,5 л спрайт не содалы су;
– 0,5 л минералды су.
Мохитоны әр стақанға бөлек не бір құмыраға дайындауға болады. Әзірлейтін ыдысымызды таңдаған соң, түбіне 3-4 ас қасық секер (қант) саламыз.
Лайм жемісін өзіңіз қалаған көлемде бөілктерге бөліңіз.
Лимон жемісін де лайм көлеміндей етіп тураңыз. Қалауыңызға қарай, лимонды салмай-ақ қоюға да болады.
Туралған лайм мен лимонды секердің үстіне салып, еземіз.
Жалбыз жапырақтарын бөлектеп аламыз.
Жалбызды ыдысқа саламыз да, барлығын араластырып, шәрбат (сироп) шығарамыз.
Жалбыз неғұрлым көбірек болса, сусынның дәмі де, хош иісі де соғұрлым ойдағыдай шығады.
Мұз кесектерін блендермен майдалаймыз. Блендер болмаса, пакетке, орамалға салып, сыртынан қатты нәрсемен ұрғылап, майдалауға болады.
Майдаланған мұз кесектерін шәрбаттың үстіне саламыз.
Қоспа үстіне жарты не бір литр спрайт сусынын құямыз.
Мохито үстіне минералды су құямыз.
Шөліңізді басатын, жүзіңізді ашатын мохито сусыны дайын!
@. @assel_assanova