Массагеттен мәзір: "Диёр" салаты

Массагеттен мәзір: "Диёр" салаты
Фото: massaget.kz

"Диёр" салаты — өзбек асханасының тағамы. Оның дайындалуы өте жеңіл және құрамындағы барлық ингредиент қолжетімді. Бұл салат өте тойымды болғандықтан жеңіл кешкі ас ретінде де ұсынуға болады. Ендеше, төменде "Диёр" салатының дайындалу жолын көрсетеміз. 

Қажетті азық-түліктер:

– 4 картоп;
– 4 жұмыртқа;
– 2 қияр;
– 100 гр ірімшік;
– мойенез.

Картоптың қабығын ашып, тазартып, өте жіңішке ұзынша етіп тураймыз.

Табаға аздап май құйып, туралған картоптың бірден барлығын салмай, аз-аздан салып қуырамыз. Егер бірден барлығын салсаңыз, туралған картоп бір-біріне жабысып қалады.  

Картоп қызарған соң, қағаз майлық төселген тәрелкеге түсіріп аламыз. Ыстық күйінде оған аздап тұз себіңіз.

Жұмыртқаны суға пісіріп аламыз. Содан соң оны ұзынша етіп тураймыз.

Қиярды үккіштен өткіземіз.

Ірімшікті де үккіштен өткіземіз.

Тәрелкеге бірінші қабат етіп қуырылған картопты саламыз.

Картоптың үстіне екінші қабат етіп жұмыртқаны саламыз.

Үшінші қабат етіп қиярды саламыз. Қиярдың үстіне майонезбен тор (пакетке майонез салып, пышақпен тесеміз) жасаймыз.  

Негізінде жоғарыда айтылған үш қабатты тағы бір қайталап салу керек.  Мен ингредиеттерді бір қайтара салып, екі тәрелке дайындадым. Содан соң салаттың бетін ірімшікпен жауып, аскөкпен безендіреміз.

"Диёр" салаты дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

А. Жапатова