Көкөніс сорпасының тез дайындалатын мәзірімен таныс болыңыздар. Бұл сорпа 30 минутта-ақ дайындалатын нағыз жазғы тағам.
Құрамы:
| |
![]() | Пиязды тазалап, майда қылып тураймыз. |
![]() | Сарымсақты да дәл солай. |
![]() | Қазанға май құйып, қыздырамыз. Қабырғаларды пияз бен сарымсақты қоса отырып қуырамыз. |
![]() | Болгар бұрышын майда текшелерге тураймыз. |
![]() | Сәбізді ұзын текшелерге бөлген дұрыс. |
![]() | Қызанақты майдалаймыз. |
![]() | Көкөністерді етке қосып, қуырамыз. Тұздаймыз. 5-10 минуттан кейін су қосып, қайнатамыз. Тұз бен бұрыш қосамыз. |
![]() | Картопты текшелерге тураймыз. |
![]() | Сорпаға картопты қосып, баяу отқа пісіреміз. |
![]() | Сорпа дайын, асыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А