Диеталық сорпаның пайдасы

Диеталық сорпаның пайдасы
Фото: vegetarian.ru

Қазіргі кезде адамдардың көпшілігін артық салмақ мәселесі мазалайтын уақытта дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер сіз диетаға отырып, сонымен қатар денсаулығыңызды және жұмысқа қабілеттілігіңізді сақтағыңыз келсе, сізге ақуыздар, көмірсулар, дәрумендер, минералдық заттар мен амин қышқылдарынан басқа өсімдік және жануар майлары да қажет.

Кез келген сорпаны, соның ішінде еттің сорпасын да диеталық тағамға жатқызуға болады. Кәсіби диетологтардың айтуынша, сорпа адамның шектеулі ас үлесінде маңызды рөль атқарады. Себебі ет немесе балықпен және көкөністермен дайындалған тағам зат алмасу үдерісі бұзылуының алдын алады. Күніне сорпаны бір рет ішкеннің өзі эндокринді, ас қорыту, бөліп шығаратын және жүрек-қан тамырлы ауытқушылығын болдырмайды.

Сорпа балаларға аса пайдалы, себебі ол барлық ағзаның толық жетілуін қамтиды. Ауру адамдарға да ауыр отадан соң зиянсыз және жеңіл сіңірілетін тағам ретінде сорпа ішу ұсынылады.

Диеталық сорпа басқаларына қарағанда өзгеше болып келеді. Бірінші кезекте, ол өзінің кей ингредиеттерімен ерекшеленеді. Диеталық сорпаларда міндетті түрде орамжапырақ болуы қажет. Себебі, оның құрамы калий, натрий, магний, мырыш, фосфор, кальций, темір және йодқа бай. Сонымен қатар, ас қорытуды жылдамдататын, артық сұйықты шығаратын процеске, холестерин мен майлы сахарозаға, А, С, В және Р дәрумендеріне бай. Диеталық сорпаға қажетті тағы бір ингредиент — балдыркөк (сельдерей). Ол майды ыдырататын функцияны орындайды және ағзаны В1, В2, Р, С дәрумендерімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол физикалық және ақыл-ой жұмысын арттырып, жүйке жүйесін тыныштандырады.

Арықтауға арналған сорпалар мен физикалық жүктемені қатар қолдану аптасына 3-7 кг артық салмақтан арылуға кепілдік береді. Әрине, сіз мұндай нәтижеге жету үшін ішімдіктен, тәттіден, ұннан жасалған тағамдардан және газдалған сусындардан бас тартуыңыз керек. Мұндай диетаны қант сусамырымен және бауыр жеткіліксіздігімен ауыратын адамдарға ұстауға болмайды.

Диеталық сорпаны қалай дұрыс дайындаймыз?

Арықтауға арналған сорпалар тек үй жағдайында табиғи азық-түліктерден дайындалады. Қандай жағдай болса да, жартылай дайын өнім қоспаңыз. Дәмдеуіштердің тек табиғи түрін қолданып, сорпада бұрыштар мен тұз мөлшері көп болмауын қадағалаңыз. Мұндай сорпалар ұзақ қайнамайды, себебі жылулық өңдеу барлық пайдалы затты жояды. Дәрумендер жақсы сақталу үшін көкөністерді су қайнаған соң салған жөн. Ас қорыту жүйеңіз ауыратын болса, крем-сорпалар (пюре-сорпа) пайдалы. Сорпаны бір ішкенде тауысатындай етіп дайындау керек, себебі келесі күні жылытып ішкен сорпаның ингредиенттері барлық пайдалы қасиетін жоғалтады.

А. Жапатова