Массагеттен мәзір: Картоп езбесінен жасалған котлет

Массагеттен мәзір: Картоп езбесінен жасалған котлет
Фото: massaget.kz

Картоп езбесінен котлет дайындауда салынды ретінде тартылған ет, орамжапырақ және саңырауқұлақ қолданады. Бүгінгі материалда фарщ салындысы бар картоп езбесінен котлет дайындау жолын көрсетеміз. Сыртқы келбеті пирожкиге ұқсас болғанымен, дәмін татқан жақындарыңыз немесе қонақтар таңғалмай қоймайды. 

Қажетті азық-түлік:

– 1 үлкен пияз;
– 200 гр тартылған ет;
– 5 орташа картоп;
– 1 жұмыртқа;
 0,5 стақан ұн;
– тұз, қара бұрыш;
– өсімдік майы.
 

Пиязды  ұсақтап тураймыз.

Табаға аздап май құйып, пиязды қуырамыз.

Одан соң табаға тартылған етті саламыз. Фарщ тұздалмаған болса, аздап тұз қосыңыз.

Фарш піскен соң, тәрелкеге салып, суытамыз.

Картопты тазартып, жақсылап жуып аламыз.

Қазанға су құйып, аздап тұз салып, картопты пісіреміз.

Картоп піскен соң, табаққа түсіріп алып, пюре етіп еземіз. Толықтай суығанын күтеміз.

Пюреге жұмыртқа, қара бұрыш және аздап тұз салып, барлығын жақсылап араластырамыз.

Оған ұн саламыз. Барлығын қолмен араластырған ыңғайлы.

Картоптан қамыр дайындаймыз. 

Қолымызды және тақтайдың үстін өсімдік майымен майлаймыз. Қамырдан кішкене бөлік үзіп алып, суреттегідей пішін жасаймыз. 

Оның үстіне аздап фарщ саламыз. Содан соң фарщтің бетін қамырмен жабамыз.

Суретте көрсетілгендей пішінде болуы маңызды емес, бастысы фарщ қамырмен толықтай жабылса болды.

Табаға май қыздырып, котлетті қуырамыз.

Қызарған соң, келесі жаққа аударып, екінші жағын қуырамыз.  

Картоп езбесінен дайындалған котлеттер дайын. Астарыңыз дәмді болсын! 

А. Жапатова