Массагеттен мәзір: Орама бутерброды

Массагеттен мәзір: Орама бутерброды
Фото: massaget.kz

Таңғы астың жылдам дайындалуымен қатар тойымды болғаны да маңызды. Уақытыңыз аз кезде қолжетімді өнімдерден ерекше бутерброд дайындаудың жолын ұсынамыз. 

Екі адамға арналған бутербродқа қажетті азық-түліктер:

- 2 нан тілімі (тостерге арналған нан боғаны жөн);
- бутербродқа арналған 2 ірімшік (сыр);
- 1 жұмыртқа;
- тұз;
- 0,5 стақан сұлы қауызы.

Нан тілімдерін аламыз.

Нан тілімдерінің жиектерін кесіп тастаймыз. 

Нан тілімдерін оқтаумен аздап жаямыз. 

Бутербродқа арналған ірімшікті аламыз. 

Ірімшікті нан тілімінің үстіне қоямыз. 

Нан тілімін ораймыз. Тостерге арналған нанның тілімі болғандықтан, жабысқақ келеді, жеңіл оралады.

Жұмыртқаға аздап тұз қосып араластырамыз. 

Сұлы қауызын тәрелкеге салып дайындап қоямыз.

Оралған нан тілімін алдымен жұмыртқаға малып, содан соң сұлы қауызына саламыз. 

Орама бутербродты қызарғанша қыздырылған майға қуырып аламыз. 

Орама бутерброды дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

А. Жапатова