Массагеттен мәзір: Фрико

Массагеттен мәзір: Фрико

Пеште дайындалатын бұл тағам тез әрі оңай дайындалады, қарынды тойдырады. Ең бастысы, бар көңіліңізді қойып даярласаңыз болғаны. Негізінен қолыңызда бар барлық көкөністі қоссаңыз болады. Біз әр үйде табылады-ау деген көкөністерді қолдандық. Олай болса, іске сәт!

Қажетті азық-түліктер:

- 1 кг тартылған ет; 
- 1 жұмыртқа; 
- 3-4 картоп; 
- 1 пияз; 
- 1-2 сәбіз; 
- 4 сарымсақ; 
- 2-3 қасық өсімдік майы; 
- дәміне қарай тұз, бұрыш; 
- пеште пісіруге арналған пакет.

 Картопты тазалап, текшелеп тураймыз.

Сәбіз бен пиязды ұзынша етіп, ал сарымсақты майдалап тураймыз.

Туралған көкөністерге 2-3 қасық өсімдік майын құйып араластырамыз.

Тартылған етке тұз, бұрыш, жұмыртқа қосып араластырамыз.

Алдын ала пешті қыздырып қоямыз. Тартылған ет қоспасын алақанымызбен дөңгелектеп, фрикаделька жасаймыз.

Пеште пісіруге арналған арнайы пакетке дайындалған көкөністер мен фрикаделькілерді салып, ұшын бекітеміз. Қызып тұрған пешке 180 градуста 40 минут ұстаймыз.

40 минут арасында дастархан жасап жүріп, пештен "Фрико" атты ыстық тағамымызды аламыз.

Міне, тойымды ас та дайын болды. Ас болсын!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын