Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Дәруменге толы салат

Массагеттен мәзір: Дәруменге толы салат

Массагеттен мәзір: Дәруменге толы салат

Салатымыздың басты ингредиентінің бірі  қызылша. Қызылша ағзаны тазалайды, шаршағанды басады, қаназдықтың алдын алады. Бұл салат тек қызылшаның пайдалылығымен шектелмейді. Салаттың құрамы дәруменге толы. Ас қорыту жүйесін жақсартатын, гемоглабинді көтеруге көмектесетін және күш-қуат беретін салаттың жасалу жолын ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер:

- 1 алма;
- 100 гр грек жаңғағы;
- 100 гр мейіз;
- 1 қызылша;
- 100 гр жүгері қауызы (кукурузные хлопья);
- 1 йогурт.

Қызылшаны пісіріп аламыз. Қызылша толықтай суыған соң төртбұрышты етіп тураймыз.

Грек жаңғағының қабығын ашып, ұсақтап тураймыз.

Дүкеннен жүгері қауызын таңдаған кезде қанты бар немесе балды түрін алған жөн. Мұндай түрінен салатымыз дәмді бола түседі. Егер диета ұстап жүрсеңіз қантсыз түрін таңдаңыз.

Алманы төртбұрышты етіп тураймыз. 

Мейізді алдымен жақсылап жуып, одан соң майлықтың үстіне жайып қойыңыз. Толықтай кепкен соң тәрелкеге сала беруге болады.

Барлық дайындап қойған ингредиентті тәрелкеге суретте көрсетілгендей саламыз. Ортасына йогуртты құямыз. Салатты араластырмай, дастарқанға осы күйінде қойған дұрыс. Әйтпесе жүгері қауызы йогуртты сіңіріп алады да, салатыңыз құрғақ боп шығады. Дәруменге толы салатымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 08 маусым, 11:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.