Жаңажылдық мәзір: Дәмтатым

Жаңажылдық мәзір: Дәмтатым
Фото: massaget.kz

Көптен күткен Жаңа жыл мерекесіне небары 2 күн қалды. Қандай тағамдар әзірлейтініңізді ойластырып, азық-түлік те алып қойған шығарсыз. Бүгінгі ұсынып отырған мәзіріміз жылдам әзірленеді әрі көп азық-түлікті талап етпейді. Ең бастысы, дәмі тіл үйіреді. Ер адамдардың да, әйел адамдардың да талғамынан шығатыны сөзсіз. Дәмтатымды әзірлеу үшін бізге:

- 4 қызанақ;

- 3 тіс сарымсақ;

- 1 бас пияз;

- 2 шай қасық бал;

- 4 шай қасық өсімдік майы;

- 1 шымшым тұз;

- 2 шай қасық лимон шырыны қажет. Егер аталған азық-түліктерімізді түгендеп алған болсақ, дәмтатымды әзірлеуге кірісейік. 

1. Қызанақты дөңгелектеп турап, ортасынан бөлеміз. 

2. Қақпағы жабылатын ыдысқа немесе банкаға саламыз. 

3. Пиязды жұқалап тураймыз. 

4. Оны да қызанақтың үстіне, ыдыстың ішіне саламыз. 

5. Енді маринадын жасауға кірісейік. Сарымсақты майдалап тураймыз. Бірақ езуге болмайды. 

6. Аскөкті майдалап тураймыз. 

7. Екеуін жақсылап араластырып, қызыл бұрыш себеміз. 

8. Тұз себеміз. 

9. Бал мен өсімдік майын қосамыз. 

10. Лимон шырынын қосамыз. 

11. Барлығын жақсылап араластырамыз. 

12. Қызанақ пен пияздың үстіне саламыз. 

13. Ыдыстың қақпағын жауып, екі күнге тоңазытқышқа қойып қоямыз. Бастапқыда маринадыңыз аз болған секілді көрінуі мүмкін. Десе де уайымдамаңыз, қызанақтың суы шығып, барлығы ретке келеді. 

14. Дәмтатымымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын! 

Қ. Бүйенбай