- Негізгі бет
- Аспаздық
- Дәмді әрі тез...
Дәмді әрі тез әзірленетін тағам
Фото:
massaget.kz
Әдетте жұмыстан шаршап келгенде, бір жерге асығып бара жатқанда тамақ жасауға ерінеміз. Бірақ кезекті мәзіріміз жылдам әзірленеді әрі дәмі тіл үйреді. Оның тіл үйіретін дәмінің құпиясы сары майда дайындалатындығында.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 0,5 кг картоп;
- 6 шұжықша;
- 200 г сары май;
- 1 бас пияз;
- тұз.
1. Сары майды табаға саламыз.
2. Пиязды тураймыз.
3. Оны еріген сары майдың үстіне саламыз.
4. Шұжықшаларды тураймыз.
5. Оны да майға салып қуырамыз.
6. Картоптарды алдын ала қайнатып аламыз.
7. Майға салып қуырамыз.
8. Сарымсақты жұқа етіп тураймыз.
9. Табадағы тағам әбден пісті деген кезде сарымсақты салып, тұз себеміз.
10. Осымен тамағымыз дайын. Бұл тағам уақытыңызды ғана емес, ақшаңызды да үнемдейді. Ас болсын!
Қ. Бүйенбай