- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Қызыл...
Массагеттен мәзір: "Қызыл теңіз" салаты
"Қызыл теңіз" салатына қосылатын азық-түліктердің құрамында түрлі дәрумен көп болғандықтан, олар денсаулыққа өте пайдалы әрі дәмі тіл үйреді. Бұл сөзімізге сенбесеңіз, өзіңіз байқап көріңіз.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 300 г ірімшік;
- 4 қызанақ;
- 2 қызыл болгар бұрышы;
- теңіз шаянының таяқшалары;
- 2 тіс сарымсақ;
- аскөк;
- тұз;
- майонез.
1. Ірімшікті суреттегідей етіп кесеміз.
2. Қызыл болгар бұрышын жіңішке етіп кесеміз.
3. Теңіз шаянының таяқшаларын да ірімшік секілді тураймыз.
4. Қызанақ тез езіліп кететіндіктен, оны үлкенірек етіп тураймыз.
5. Сарымсақтың барынша майда болғаны жақсы.
6. Қалауымызша аскөк қосамыз.
7. Жоғарыдағы азық-түліктердің барлығын бір ыдысқа салып, жақсылап араластырамыз.
8. Тұз сеуіп, майонез қосамыз.
9. Осымен қызыл теңіз атты салатымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Қ. Бүйенбай