Мәзір: Қарақұмық пісірмесі

Мәзір: Қарақұмық пісірмесі
Фото: multivarenie.ru, koolinar.ru

Қарақұмық күріш секілді өте тойымды. Әрі пісіргенде көбеймей, сол қалпында әзірленеді. Кезекті мәзірімізде қарақұмықтан жасалған пісірме ұсынамыз. 

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 1 стақан қарақұмық;

- 3 қызыл тәтті бұрыш;

- 200 г фарш;

- 2 тал жұмыртқа;

- 4 ас қасық қаймақ;

- 50 мл су;

- 1 бас пияз;

- 150 г голландиялық сыр;

- қалауымызша тұз бен бұрыш.  

1. Қызыл бұрышты жуып, тазартамыз. 

2. Пештің ішіне саламыз. 

3. Фарштан кішігірім домбайлар (фрикаделька) жасаймыз. 

4. Қарақұмықты жылы суда жуып, ыдысқа саламыз. 

5. Суреттегідей ыдыстың ішіне біркелкі етіп орналастырамыз. Және тұз бен бұрыш себеміз. 

6. Пиязды турап, бетіне саламыз. 

7. Ірімшікті үккіштен өткізіп, бетіне саламыз. 

8. Қаймақ пен жұмыртқа жақсылап араластырып, бетіне құямыз. 

9. Осымен пісірмеміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай